Жайықтағы ару?

Жайықтағы ару?
жеке
блог

 

Хат

(Ол ару көгінен сыңар аққу көрген...)

 

Көкірекке қадалады құштар мұң,

Мен аңсаған ол ең қымбат бақ анық.

Қанатынан күй тулаған құстардың,

Хат жолдадым әрпі бөтен саған ұқ.

 

Жоқ ешкімі дәл өзіңдей түсінген,

Өтті бәлкім өзге жанды тең көрмей.

Алғыс айтам сенің барың үшін мен,

Сен қуандың бек, ханзадаң келгендей.

 

Бақ табамыз кел Алматы кешінен,

Өзгешелеу шырқала ма жайықта ән?

Мақтанады мына қала несімен,

Сендей ару мұнда жоқ деп айтқам. 

 

Өткіземін сені аңсаумен таңды құр,

Таңдай сұлу бір үмітім келмек деп.

Түсінесің өзің ғана жанды бұл,

Отыратын жырын сен деп өрнектеп.

 

 

 

Бақ табмыз кел Алматы кешінен,

Өзгешелеу шырқала ма жайықта ән?

Мақтанады мына қала несімен,

Сендей ару мұнда жоқ деп айтқам. 

 .............................................................

 

Көкірегіме көл бейнеңді көшіріп,

Өзің жаққа елеңдедім ерте- кеш.

Бір ақ сәтпен жалынымды өшіріп,

Бір ақ сәтпен сендей ешкім өртемес.

 

Сендей ару , Жайықта да жоқ мұнда,

Бармағынан балдай тәтті күй өнген.

Сезбеппін ғой тым ыстығын оттың да,

Оттай ыстық сезіміңді сүйем мен.

 

Бұл Алматы тыңдай ма екен мені елеп,

Айтсам ба екен сырды анық.

Жақсы көріп кетсе сосын сені ерек,

Бақытына бөленер ме ек бір мамық.

 

Сені аңсаумен  тағы неше таң атсын,

Сүйіктіңе сүйінудің несі мін.

Жүрегіме өзің ғана қанатсың,

Тіл ұшында  сенің тәтті есімің!

 

Сендей ару , Жайықта да жоқ мұнда,

Бармағынан балдай тәтті күй өнген.

Сезбеппін ғой тым ыстығын оттың да,

Оттай ыстық сезіміңді сүйем мен.