Ж.Айтауытов "Ақбілек" қысқаша мазмұны.

Ж. Аймауытов "Ақбілек"
"Мамырбайдың—Ақбілегі, Ақбілегі—жас түлегі" деп бастау алған роман, әрі қарай немен, қалай жалғасады?Мен бұл романды оқығанда,"мынау бір ғана қазақ қызының басынан өткен тағдырма?!"деп таңдандым. Неге?
Ақбілектің сүйгені Бекболат.Бірақ ол Бекболатқа қосыла алмады.Тағдыр қоспады ма, әлде жол қоспады ма?Әрине, тағдыр. Ақбілектің қатал тағдыры.Неге қосылмады деген сұрақ көкейіңізге келген болар. Ендеше айтайын. Ақбілекті орыс офицер алып қашады.Оған қазақ қызы "қара мұрт" деп ат қояды.Өз отауына алып келіп, ойнас қылады.Бір күні Ақбілек "қара мұрттың"  соғысқа кеткенін пайдаланып, ауылына қашып, қайтадан оралады. Ел-жұрттың сөзінен гөрі оған әкесінің суық көзқарасы өте ауыр батты. Ал анасы Ақбілекті құтқарамын деп қаза тапқан еді. Енді жалғыз сенері де серігі де жеңешесі Ұрқия.Ол Әміре дейтін ағасының әйелі, бала көтере алмай жүрген бейкүнә әйел, қамқор жеңеше. Ұрқия Бекболат екеуін кездестіреді, сөйлесіп жүреді.Енді той болуға дайындалып жүргенде, Бекболат Ақбілекке үйленбейтін болады. Себебі ол қара мұрттан жүкті еді. Елдің сөзіне қарамастан ол босанады. Босана салып,оны алып кетуін тапсырады.... Арада 5 жыл өтеді.Ақбілек қалаға ағасы Төлеген мен жеңгесі Мағишаның үйіне келіп, сауатын ашады, оқиды, білім алады.Көзі ашық, көкірегі ояу жанға айналып, ағасы, жеңшесі, үшеуі ауылға оралады.
Ұрқия мен Ақбілек сыртқа шығып, әңгімелесіп тұрғанда, алдынан бір балақай жүгіріп шығады. Ол—Ескендір.Ақбілек "жеңеше мынау бала өзі маған ұқсайды" екен деп айтады."Мүмкін оны сен туған боларсың"дегенде Ақбілектің көзіне еріксіз жас келеді. Демек, Ескендір Ақбілектің тастап кеткен баласы еді, енді міне ол өз баласы.Сөйтіп, Ақбілек күйеуі Балташпен қалаға жол тартты.Айта кетейік, Балташ—оның қалада таснысып,Ақбілектің өткеніне қарамастан, құлай сүйіп, үйлегенген батыл жігіт



Бөлісу: