Жайнамаз үстіндегі ойлар

Жайнамаз үстіндегі ойлар
жеке
блог

Жайнамаз үстіндегі ойлар

Құдіретті бір Алланың атымен бастаймын. 
Кешірге гөр, Құдай!

Сұрақтар (???)

Пісіміллә! 
Қамат түсір... 
«Аллаһу акбар»... құлақтың артына қос қолым барғаннан кейін, іштей Құдай ой салма, дұға сал, өзіңе деген ойды ғана бер деп тілеп тұрдым. Болмады...
Я,Алла! Мына мидың ішінде толып жатқан сұрақ. Жауабы жоқ сұрақтың саны көп. Жауабын іздеудемін. Табамын, таппаймын. Бәлкім, өмір деген де сол шығар. 
- Неге дүниеге келдім? Дүние деген не? Өмір сүру міндеттелген дүние ме? Кіммін? Сен кімсің Құдай? Періште болып неге жаралмадым? Неге дәл пенде... Тағдыр деген ше? О, дүние бар ма? Бар болса қайда? Біз қайдамыз? Жерде дейсің бе, жер қайда? Галлактика ? ол қайда...? жауап жоқ... шегі жоқ.
Махаббат деген не бәле? Сүю дейтінді кім ойлап тапқан? Сезім дейтін дүние ше? Қыз? Ұл? Жыныс? Осының бәрі не үшін керек? Неге сағынамыз? Неге сағынсақ ауырып қаламыз? Неге?
Жастық деген не? Қартаю міндетті ме? Неге қажып кетеміз? Неге күлеміз, жылаймыз...? Үйлену, ұрпақ сүю бәрі не үшін керек?
Өлім деген не? Өлетін болсақ несіне тудық? Қызық емес... қызық па? Қызық болса несі? Өмір деген өзің емессің бе Алла? 
Жақсы. 
- Неге ойлаймыз? Сана деген не? Мидың құдіреті не? Ми ма бәрін жасайтын жүрек пе? Кімді тыңдау керек? Не үшін тыңдау керекпіз? 
Осыларды жалпы білу керек пе? Білу керек деген аксиома ма? 
Көр деген не? Топыраққа оранбай саған жете алмаймыз ба? Бір өмірді аяқтап тағы бір өмірге барамыз ба? Не үшін? Тозақ деген не? жұмақ деген не? жалпы білем... бірақ білмеймін... Не боп кетті...
«Астафираллаһ»... 
« Ниет еттім, Аллаһ ризалығы үшін, осы бүгінгі құптан намазының екі ракағат сүннетін өтеуге, жүзімді қараттым құбылаға...»
Ерінім жыбырлай бастауы сол еді...
- Неге намаз оқып жатырмын? Намаз деген не? Құлшылық деген не? неге бұлай, неге біз бұлай істеуге міндеттіміз? 
Жақсы.
- Қашан өлем? Сен білесің, бірақ айтпайсың, неге? Ақырзаман болатыны да белгілі, қашан? Ол не үшін болады? Адамдар азған соң ба? Ал, адамдар неге азады? Неге бәрі бірдей ойлай алмайды? 
Соңғы сұрағым болсын...
МЕН НЕГЕ СҰРАҚ ҚОЯМЫН, ЖАУАБЫН БІЛГЕН КҮННІҢ ӨЗІНДЕ НЕ ӨЗГЕРЕДІ? НЕ ҮШІН ОСЫНЫҢ БӘРІ...?
«Қабыл болсын»! 
«аумин»!
Намаз бітіп орнымнан тұрдым. Жайнамазды жинап жатып, өзіме «неге» деп іштей үлкен сұрақ тастадым. Бәлкім, ішімде шығар жауабы...
15.02.2015