Жайнамаз үстіндегі ойлар
Құдіретті бір Алланың атымен бастаймын.
Кешірге гөр, Құдай!
Қателік
Жайнамазымды ұстап Алланың алдына қайта келдім. Сәждеге келген бетте Құдайды ойлап келдім. Намазымды ойлап келдім. Бірақ...
...Қателік...
Осы бір сөз, осы бір жаңсақ ұғымнан туындаған сөзден өмір бойына азап шегіп өтер ме екенмін?! Кім білсін. О, баста кеткен қателік.
Желігі басылмайтын өктем күндерімнің осылай келіп, осылай болып кетеріне өзім де сене алар емеспін.
О,Махаббат! Азабыңа болайын, неге осынша құбылдың?! Ақынның жүрегі неге сонша нәзік болып жаралды екен?! Нәзік бола тұрып, адам арқалап жүре алмайтын азапты арқалайды. Неге? Не өмір сонда ол?!
... Құптанның үтіріне келдім... қайтадан ой...
Тентіреп кеткір ойлар, менің жасаған қателігімді неге дәл қазір қайтадан алып келіп жатсыңдар, сендерге нем өтіп кеткен, құрып кеткір!
Сері күндерім, пері күндерім мен үшін қайта оралып жатқандай ма?! жо... жоқ! Олар ендігі орала алмайды. Мен үшін бәрі біткен. Мен жасар қателікті жасап болдым. Қателік үшін енді жауап беруім ғана қалды. Бәлкім, осы жазулардың, осы ойлардың бәрі сандырақ болар... ләйім солай болсын...
...Тасбих тартып отырмын...
«Субханналлах»!
«Әлхәмдуллиллаһ»!
«Аллаху акбар»!
...дұға... іштейі... есімді жиіп алдым...
« Я, құдайым! Өзіңе деген таза әрі кіршіксіз сезім мен махаббатым ұлық. Сенен асқан мен үшін муза, мен үшін махаббат жоқ! Кешірімді Алла, осы бір қателік сенің маған берген сынағың болса азаптануға дайынмын. Өйткені, тәубеге келген құлыңның тілегін орындайтының ол –хақ! Мен саған мәңгі сенем. Сенімнің түбі, қателіктік арты бақыт пен шатыққа кенелтер.
Роббана атина, фид дуниа хассанати, уа фил ақирети, уа хина ғазабаннар! Бирахматика ар рахмани – рахим! Аумин!
14.02.15