Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
жеке
блог

Саяхат туған өлкеңді аралаудан, туризм ауылыңа қонақ шақырудан басталады.

Басқа өңірлерді көремін деп өз аулымды яки өзімді тануға уақыт таппай жүр екем. Бірнеше жыл болды сол олқылықтың орнын толтыру үшін Тоғызбұлаққа жиі барып тұруды әдетке айналдырғам. Әр барған сайын өзім үшін бір жаңалық ашып келемін, "Мен кіммін?" деген сұрақтың жауабы табылғандай қуанамын, рухтанамын.

Ал бұл жолы ауылға жалғыз емес, жаныма достарымды ертіп бардым. Сапарымыз қызық болсын деп атқа мініп, Екіаша жайлауына қонып қайттық. Қой сойдық, қуырдақ жедік, көңілді кеш өткіздік. Жолда Шет Меркі, Орта Меркі, Арал, Жайдақбұлақ, Көкбұлақ сияқты көрікті мекендерді көрдік. Есептеп қарасам, 15 жігіт ат жалдап, киіз үйге қонып, қой, қымыз, құрт, кілегей сатып алғанға шамамен 300 мың теңге жұмсаппыз. Біз мәз, ауыл тұрғындары да риза. Осылай бір-бірімізге қонаққа барып тұрсақ, ішкі туризмнің дамудан басқа амалы болмайды. (Шығынын көрсетті деп сөкпеңіз. Бұл санды ішкі туризмнің әлеуетін көрсету үшін жаздым).

Жайлаудағы екі күніміз қалай өткенін мына влогтан көре аласыз. Арнаға жазылып, лүпіл басып, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!