"Жайдарман" сізге қызық па?

Достарымыздың шақыртуымен Жайдарманның «Жаңару» маусымында қонақта болдық. «Жаңару» маусымы болғандықтан, зал да жаңа, декорация да, жүргізушінің стилі де жаңа. Сосын, әрине, жаңа командалар. Аааа, айтпақшы, бұл маусымда тағы бір жаңа айдар қосылған. Ол - «сағындырған әзілдер». Яғни «экс жайдарманшылар» өнер көрсетеді. Бұл жолы бұрынғы чемпион «Назар аудар» залды дүр сілкіндіріп жіберді) Көрермендер де оларды сағынып қалыпты : )

Жалпы, «Жайдарманды» айтқан кезде пікірдің екіге бөлініп жатқанын жиі байқаймын. Бір топ «Осы не керек? Ырың – жырың, пайдасыз дүние» десе, енді бірі жастардың өнеріне тәнті болып,тұрақты көрермені болып отыр.

«Жайдарманды» мектеп кезінен көрдім ғой. Қателеспесем, «Экспресс» чемпион болған жылы тұрақты көрермені болғанмын. «Альянс» Семейдің фанаты едім. Олардың әр видеоларын соткама жүктеп алып, қарап жүретінмін. Суреттерін соткамда сақтап) Әзілдері өтпей қалса, бимен өткізіп жіберетін жалғыз команда еді. Қазір ғой, екі команданың үшеуі бишілер)))

Одан кейін есейіп, ес жидым ба, білмеймін. Бұлай қатты фанат болған жоқпын :)

Бүгін залда отырып та екі типтегі адамдарды көрдім. Біреуі – «пфф, өтпейтін прикол» деп отырса, екінші топ қарқылдап күліп отыр. Арасында ысқырып қояды. Әркімнің талғамы әртүрлі ғой. Сонда да қызық, сіз жайдарман қарайсыз ба? Жалпы осы бағдарлама ұнайды ма? Мен үшін «Жайдарман» бұрынғыдай емес. Сіз үшін қандай?

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: