Жайдарман, ширек финал

Жайдарман, ширек финал
жеке
блог

Енді 5 күннен кейін Жайдарман жоғарғы лигасының ширек финалы өтеді. Жарыс үш күнге созылмақ.

Айта кету керек, ширек финалда тікелей жолдама алғаны бар, басқасы бар бас-аяғы 18 команда өнер көрсетеді. Бірінші күні Қуатжан бастаған "13 аймақ" (Шымкент), Бекзатты "ҚазҰУ" (Алматы), Еуразия университетінің "Күлтегіні" (Астана), Семейден келген "Аягөз жастары" (ШҚО), ел қорғаны "Байланыс жігіттері" (Алматы), астарлы әзіл айтудың шебері "Алғабасар" (Жуалы) жартылай финалға берілетін жолдамаға таласады.

Екінші күні, яғни 25 сәуірде быраттары көп Михон бастаған "АЭСА" (Алматы), "Альянс" (Семей), астаналық емес бірақ "Тұңғыш астана" (Қызылорда), түрлі ұлттан құралған "Күлкі терапиясы" (Қарағанды), Оңдас және Брюс Ли "Абай даңғылы 8" (Алматы), Максим және К "Аграрка сарбаздары" (Астана) мықтылықтарын дәлелдеуі тиіс.

Ширек финалдың соңғы күні Нұрболғанның "Демеушіміз Болашағы" (Астана), "Мұнай тамшылары" (Жаңаөзен), саяси әізлдің шебері "Экспресс" (Ақтөбе), Мереке және "Тек ғана қыздар" (Алматы), сағыздай созылған "Сағыз" (Атырау), жолы болғыш "ЖасНАР" (Алматы) өнер көрсетеді.

Ойын Астана қаласында Конгресс-Холлда өтеді. Билетті Конгресс-Холлдың кассасынан алуға болады. Басталуы 19:00-де.

Ширек финалға жоспарымды айта кетсем, бірінші күні "ҚазҰУ" мен "Алғабасар" келесі кезеңге өтуі керек. Екінші күннен "АЭСА" мен "Күлкі терапиясының" бәсі жоғары болатын секілді. Соңғы күні "Экспресс" пен "Демеушіміз Болашақ" жартылай финалға лайықты деген пікірдемін.