Фотограф та болғым келетін. Сонау кезде әншейін телефон, кейіндеп пленка салынатын фотоаппарат, содан соң цифрлы фотоаппарат алғаннан кейін де, көзіме түскенді, ұнамдысын, кез келгенін, айналамдағының барлығын сүгіретке түсіре беретінмін. Әлі де солай. Ұнайтын. Ұнайды да. Қарасам, мұрағатымда сондай «қияли, қума» сүгіреттер жиналып қалыпты. Бүгін кейінгі бірнешеуін салып отырмын. Біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Жәй ғана менің көзіммен...
Ауылға бара жатқанда... Таңның атуы...
Жолдар, жолдар, жолдар... Ауылға апарар қара жол...
Таңның атуы... Анаууу бір бұлтты "қуаладым"...
Ауылдың терезесі осындай болады...
Сырғалы шырша...
Үзілмейтін үміт... Күзден қалған бір белгі...
Өткенде қар жауып өткенде...
Көпті табыстырған, бәлкім, ұрыстырған... сірә, күттірген... әйтеуір, сәкі...
Жәй ғана...
Шырша мен қайыңның үйлесімділігі...
Қара суықтағы қара ағаш...
Балаларды күткен ойын алаңы...
Аппақ қар...
Бесінші қабаттан... Тұманды Алматы...
Сүгіреттер жеке мұрағаттан...