Жай ғана жымия салыңыздаршы...

Жай ғана жымия салыңыздаршы...
жеке
блог

Жыл цитатасы: «Адам бойындағы ең ғұмырлы, тірі жанды нәрсе, әй, үміт шығар.Қылдай ілдалдаға таудай үміт те ілініп тұра береді ғой» Бексұлтан Нұржекеев.

Өмірлік цитатам: «Әркім өзі таласпақ, басына бітер бақ үшін» Ақтамберді жырау.

Жыл танысуы: Биыл керемет адамдармен көп таныстым. Бәрі де қымбат. Соның ішінде массагеттіктер де бар. Әсіресе, Мейіргүл, Мақпал әпкелермен танысқаныма қуаныштымын.

Жыл әншісі: Мақпал Жүнісова, Жұбаныш Жексенұлы, Қайрат Нұртас.

Жыл өкініші: «По глупости я полагалась лишь на одного человека. Теперь это обернулась против меня»...

Жыл әні: үш жыл болды Глюкозаның «Вот такая любовь» әнін тыңдаудан жалықпай келемін. Биыл оның қатарына Мейрамбектің «Құс қанат ғұмыры» мен Дискотека Аварияның «Кукласы» енді.

Жыл сайты: дәл қазір осында отырмын.

Жыл кітабы: «Бір өкініш, бір үміт» Бексұлтан Нұржекеев.

Жыл жаңалығы: Журналист деген куәлік қой. Өтірік айтам, жақындарыма жақындай түскенім.

Жылдың керемет адамы: барлық адам жақсы ғой. Бірақ, бір жанның орны мен үшін әрдайым ерекше. Өйткені, мені өмірге талпындыратын да, өмірден жиіркендіретін де, ең бастысы бақытты ететін де сол...

Жыл мекені: Мені мәңгілік ғашық еткен туған жерім – Кентауым. Одан кейін Алматыдағы сүйікті мекенім – Хамит Ерғали жағалауы.

Жыл блогері: Мақпалдар ғой Мақпалдар, одан кейін танымал блогер Ардақ Құлтай әрине.

Өткен жылға өкпем жоқ. Өкпем болса тек өзіме ғана өкпелеймін. Биыл өмірді тағы да өзге қырынан тани түстім. Алыстап кеткен жандармен, қайта табыстым. Керемет жерлерде болдым. Мен өмір сүріп жатқан ортадан өзге орта бар екенін ұғындым. Құладым да, сүріндім де, бірақ, орнымнан қайта тұрып, өмірге өз мүмкіндігімше талпына бердім. Өйткені сіздер сияқты менің де кеудемде дүрсілдеген жүрегім бар. Ал бұл жүрек лүпілдеген сайын, ондағы үміт те лүпілдей береді. Сөнбейді...

Келе жатқан жылқы жылы құтты болсын, достар!!! Мұңаймаңыздар, мұңайсаңыздар да мұңның тереңіне бойлап кетпеңіздер. Әр кезде, әр жағдайда адамдарың барлығы да бақытты болуға лайық деп таныңыздар. Көсемсіп кетті демеңіздер, жай ғана жымия салыңыздаршы...