Жай ғана жазба (1)

Жай ғана жазба (1)
жеке
блог

Алматыға келгелі  1 жыл болыпты. Алматы мүмкіндіктер қаласы. Бұл қалада көп нәрсенің алғаш рет дәмін таттым.

 

Ең алдымен, ортам өзгерді.  Доп қуалайтын ортамды, жазу жазатын, сызу сызатын адамдар алмастырды.

Алғаш рет өзімді режиссер ретінде сынап көрдім. Университет қабырғасында «Театр» ашып, қойылымдарды дайындадым. Қолымнан бір нәрсе келеді екен-ау деген ойға келдім.

Алғаш рет волонтер ретінде бағымды сынадым. Өзге елден достар таптым, тәжірбие алмастым.

Алғаш рет ағылшын тілінде сабақ үшін болса да , өз күшіммен әңгіме жаздым.

Алғаш рет бүкіл қорқынышымды жиып тастап кастингке бардым.

Алғаш рет түңгі қаланы араладым.

Алғаш рет тауға көтерілдім.

Алғаш рет өзім үшін үй іздедім. Үйлерді аралап қарап, өзім үшін шешім қабылдадым.

Алғаш рет ақшаны есеппен жұмсадым.

Алғаш рет қарызға ақша беріп, қарызға ақша алдым.

Алғаш рет интернет досыммен  шынайы өмірде таныстым.

Алғаш рет қолыма камера ұстадым.

Алғаш рет  “YOUTUBE” –ты  ойын-сауықтан гөрі пайдалы іске жұмсауға болатын ұғындым.

Алғаш рет өзімнің қонағымды күттім.

Алғаш рет сабақтан себепсіз қалдым.  Тәртіпті оқушыдан, тәртіп студент шыға бермейді...

Алғаш рет метроға міндім.

Алғаш рет «Адамдардың бәріне сенуге болмайды» деген түйінді шешім қабылдадым.

Алғаш рет демалысты асыға күттім. Үйге оралу үшін...

 


 

Атомдардан құралатын молекула секілді адамдардың өмірі де кішкентай қадамдардан басталады. Кішкентай қателіктің өзі адамдарға бағыт-бағдар береді. Қателік жасау үшін  қимылдау керек. Қимылдың бәрі алғашқы қадамнан басталады.

Мен жасаған қадамдардың ішінде өміріме керегі бар, керек емесі де бар. Бірақ, бәрі де естен кетпейді. Неге деймісіз?  Сол сезімдерді, сол сәттерді қайталау мүмкін емес.

Сондықтан да «АЛҒАШҚЫ» деп бөліп айтамыз....