Жай ғана блог

Жай ғана блог
жеке
блог

Тіркелгеніме төрт ай болды. Массагеттің төрт айлық перзентімін. Тілім енді-енді бұлдырлап шығып келе жатыр. Массагетпен ауырамын әлден. Жазбалардың бәәәрін оқып тастадым. Айдарларды да қалдырмадым (спорттан басқа). Форумды жілік-жілік етіп талдап тастадым. Видеоларды екі-үш қайтала қарадым. Тіпті "Қазір сайтта" деген жерде үнемі тұратын менің суретімді көріп бір інішек "Айша әпке, массагетте істейсіз бе?" деп қояды. "Жоқ, қолданушымын" десем "Таң ертеңнен кешке дейін қолданасыз ба сонда?, жұмысыңыз жоқ па" дегенде ұялып шығып кеттім сайттан.... 15 минутқа)))) көзімнің қырымен қарасам інішек шығып кетіпті сайттан))) сосын жеңілдеп қалдым да қайта массагеттің әлеміне еніп кеттім. Енді  міне жазба жазғым келіп қолым қышыыыып, бірақ не туралы жазарымды білмей әлек болып отырмын. Жаңа жылға құттықтау жазсам ба деп қоям, бір ойым. Бәрі құттықтап кетті ғо деп қоям бір жағынан. Әлде махаббат туралы ма? Бақытты махаббат туралы жазсам ба, әлде бақытсыз ба? Бақытсыз туралы жазсам кейбіреулер "Ой мына келіншек бақытсыз екен ғой" деп қамығып шығар.  Бақыттымын деп жар салсам жарияға...100 пайыз бақытты адам болмайтынын тағы ескерем. Мүмкін қызық оқиғаларымды жазармын басымнан кешірген. Бірақ...., қойшы, сосын менің аңғалдығымды біреулер дұрыс түсінбей "аңқылдақ, ақымақ, есерсоқ екен" деп ойлар. Бірақ бұл ойларында кішкене шындық та бар-ау. Әлде Айкона айтқандай "Мудрить" етсем бе. Қоя ғой... Айша, сен және философия.... Күлдірмеші...  ОО таптым саясат. Бірақ саясат туралы талқылауға рұқсат жоқ екен ғой, айтпақшы (Тегі рұқсат берсе саясатты керемет түсініп жазардай , саясаттан  толық хабары бардай сөйледім ғой)

Сонда не туралы жазамын?Жарайды бәрін құттықтаймын Жаңа Жылдарыңызбен! Сіздердің қай-қайсыңыз болсаңыздар да менің өмірімде барсыздар.Иә,иә, Сіз де. Менің көңілім Сіздердің қай-қайсыңызға болсын ашық, жылы, суымаған. Суымай-ақ қойсын.Осы жылы да, келер жылы да, болашақта да. "Жаныңдағы жаман достан, вертуалды ақылды, түсінігі мол достар артық" деп ата бабамыз айтпағандай, мен сендерді ЖАҚСЫ КӨРЕМ!!!!

Осындайлар ғой блогтың мәнін кетіретін деп жатрсыздар ғой,иә?))))