Жауынға ғашықпын!

Мына бір өлең қатты ұнап қалды, сіздер де оқып көріңіздер

Жеңілмен қас, дос болдым ауырменен,
Елден ерек болды екен тауым неден?
Жұрттың көбі тамшыдан қашса дағы,
Ал мен ойнақ саламын жауынменен.

Жаңбыр тисе таулары жығылардай,
Жұрт қашады неліктен түгі қалмай?!
Жаңбыр жауса балаша жүгіремін
Ескі досым - сырымды ұғынардай.

Еске салып өткен күндер қыйындығын,
Шарпып өтті аспанды құйын бүгін.
Әкем кетті "Періштелер әлеміне"
Білуімше ол да бір құйынды күн.

Жауындай боп төгілер ғашық әні,
Тұрмады ма көкте нұр тасып әлі?!
Ғашықтық дертім жалғыз саған мәлім
"Жаңбыр-көзде жасыңды жасырады"

Қиналсам да үн қатпай,жауып келіп,
Дертіме, бейне, шипа тауып беріп.
Бүгінде келдің тағы сырым тыңдап,
Жазылар жырға себеп, шабыт беріп.

Жауын - болды сыр ақтарар киелім,
Оған құшақ жайып, басты иемін.
Оған ғана аян менің бар мұңым,
Жауын - досым, сырлас, оны СҮЙЕМІН!!!

Авторы: Өркен Алтынбекұлы Мұқақ



Бөлісу: