Бүгін күні бойы сіркем су көтермей, жұмысқа қолым бармай отырдым да қойдым. Оның да өзіндік себебі бар еді. Күнде театрға барам деген сөзім сөз, жұмыста кешке дейін соған бола отырдым. Бірақ кешім жадырап сала берді. Өзінің айтуы бойынша өмірі театрға бармайтын, қаламайтын бір досым бар еді (атын атамай-ақ қояйын, ашуланып жүрер тағы
) сол хабарласып театрға баратынын айтты. Вооооо соңғы бір айда мұндай жақсы жаңалық естімеген шығармын. Шынымен қатты қуандым.
Сонымен театрға бардық. Бүгін көрерменге "Жаужүрек" (мың бала емес
) қойылымы ұсынылды. Ел ішінде "Балуан шолақ" атанған халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуаны Нұрмағамбет Баймырзаұлының ел үшін күресімен қатар жұдырықтай жүрегі селт етіп ғашық болған тұстары айқын әрі әдемі көрсетілді.
Жарының қызғанышы (орынды деп ойлаймын), Балуанның көз алдындағы Ғалияның елес бейнесі, губернатордың қызы Татьянаның (рөлде Салтанат Бақаева) әдемі ерке қылықтары еріксіз баурайды. Қойылым барысын шығарма желісімен салыстырып қарайды екенсің...
Қойылымнан шыққан соң досыма қарап қоям ұнатты мекен деп)) Оған Салтанат Бақаева ойнағаны үшін ұнатқанының өзі мен үшін бір қуаныш болды.
(Мүмкін театр туралы жаза беріп сіздерді жалықтырып та алатын шығармын. Бірақ блог деген адамның күнделігі сияқты дейсіздер ғой, сондықтан айып етпеңіздер, жаза берем
)
Ал ертең А.Чеховтың (аударған Ә.Бөпежанова) "Апалы-сіңілілі үшеу" драмасы ұсынылады. Қапы қалмаңыз