Жауапсыз сезімім...

Өмір дегенің қызық қой... Сан түрлі тағдыр... Сан түрлі таныстық... Сан түрлі кездесу... Сан түрлі қоштасу...

Менің онымен таныстығым қызық басталды. Мен аудандық бөлімде, ол облыстық басқармада қызмет істейтін. Жұмыс барысымен күн сайын телефонмен сөйлесетінбіз. Сөйтіп жүріп жыл жарымдай уақыт өтті, есімімізді білістік, кім болып қызмет атқаратынымызды білдік. Бірақ бір-бірімізді көрмегенбіз. Осы уақыт ішінде ол ауданға, мен облысқа іс сапарға шықпаппыз. Телефонмен сөйлескенде дауысы жүрекке жылы тиетін, әдемі қалжыңдарымен анда-санда қалжыңдасып қоятын. Қызбала болсам да ішімде «Осы бір әдемі дауысты жігіт қандай екен» деген   ойлар жүретін. Ол кез менің 18 жасым ет...

Содан қызметім бір сатыға жоғарылып, аудан әкімшілігіне жұмысқа ауысып кеттім, бұрынғыдан әлдеқайда жауаптылықты, ұқыптылықты қажет ететін бұл жұмысымда әдемі дауысты жігіт қоңырау шалмайтын. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл жұмысыма келгеніме де 1 жылдан аса уақыт болыпты. Жұмыс күнімнің аяқталып қалған кезі болатын. Үйге кететін уақыт болғанша, «агентті» ермек қылып, ананы-мынаны тілге тиек етіп, достарыммен әңгіме жазысып отырғам. Жалпы бұл айтылып отырған «агенттің» нендей дүние екенін түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Қазіргі заманда бұл агенттің нендей «пәле» екенін еңбектеген бала мен еңкейген қарияға дейін білет. Біреулерді табыстырған, біреулерді шатыстырған, ал енді біреулердің сезімін ойыншық қылуға атсалысқан бұл «агент» менің де тағдырыма  өз үлесін қосты. «Мой мирымды» ақтарып отырсам, бұрынғы жұмыстасым 1 жылдан аса уақыт дауысын естімеген бейтаныс жігітпен достасыпты. Ол жігіт екенін қайдан білдіңіз дейсізбе? Аты – жөнін білем ғой ... Фотосын көрдім, «дружба» жібердім. Ойымда еш нәрсе болған емес, жүрегім ешнәрсе сезбеді. Бірақ, титтей ғана жүрегімде сол әдемі дауысты жігітті тапқаныма ма, білмеймін, әйтеуір бір түсініксіз қуаныш болды. Достығымды бірден қабылдады. Әлі күнге есімде, алғашқы диологтардың қалай басталғаны...

Міне, осылай... осыдан кейін ортамыздағы байланыс «агент» болды. Қалаға қашан келетінімді сұрап, кездесуге шақырды. Білмейм, неге екенін, сол жігітпен кездесуге қатты асықтым.Сол көктем сырттай оқуымды бітіріп,  емтихандар тапсырып, диплом алғалы жүрген жылым болатын. Сол себепті жұмыстан сұранып, жиі барып жүрдім қалаға. Ең алғашқы кездесу... Әлі күнге айна-қатесіз жадымда сақталыпты.

Ол күні қайда барғанымыз, не айтқанымыз, қандай көйлек кигенім, бәрі-бәрі есімде. Күлемін-ау. Сол күнгі кездесу жүрегімдегі нәзік сезімді селт еткізді. Бойыңды шынайы сезім билеген кездеріңде ақылың мен парасатың дәрменсіз күй кешеді екен. Жаман ештене ойламаңыз. Оны қазыр ойлаймын, оның алдында шынайылығымды көрсете алмаған екенмін. Бәріне кінәлі, бәріне айыпты Жүректегі сезім... Сонғы кездері көп ойланам, неге тап сол жігіт, неге басқа емес... Бірақ, ол басқаларға мүлде ұқсамайтын, мен үшін ерекше жан болды. Несімен ерекше дейсізбе? Білмейм, білмедім, білгімде келмейді, әйтеуір ерекше жан... Шынайы сезім осы болар бәлкім?! Жалпы өзіме келер болсам, нағыз қазақ отбасында, нағыз қазақи тәрбиені бойыма сіңіріп өскен бойжеткенмін. Әулетіміздегі ағайындылардың ішіндегі қыз тәрбиелеп отырған жалғыз менің әкем еді. Содан болар, бар жақсы, бар тәтті маған әкелінді. Өбектеп өсірген ата-ананың атына жаман ат келтірмей өту мен үшін алдыма қойған ең үлкен мақсат болды. Сол үстанымым ба, әлде, тәрбием солай болды ма, әйтеуір, махаббаттың нендей сезім құдыреті екенін сезінген кезден-ақ, «ес біліп, оң солымды танығаннан кейін, жігітпен кездесіп, және сол жігітке өмірлік жар боламын» деп армандаушы едім. Осы жігітті кездестіргенге дейін ешбір жанмен көңіл жарастырмаппын. Өйткені арманымдағы адамды кездестірмеген екенмін. Қыз-жігіт болып кездеспесек те, жақсы достар болып араласып кеттік. Біршама уақыттан кейін ол мүлде хабарсыз кетті. Бұрын  таныса салып, жарасып жататындарға немесе екі-үш көрген соң үйленіп жататындарға тан қалып, «мен жігітіммен 2-3 жыл уақыт кездесемін, содан кейін ғана тұрмысқа шығамын» деп айтушы едім. Ішкі түсінігім ғой. Оным бекершілік екен. Ұнату, ғашық болу уақытпен өлшенбейді екен. Соны түсіндім. Мен ол жігітті аз білдім, мен үшін ол жігіт жұмбақ болды. Кейде ойлайм, бәлкім осы жұмбақтығы мені өзіне ғашық еткен шығар деп?! Сезімімді селт еткізген бұл жігітке мен осылайша шынайы ғашық болдым. Хат алыспағалы, дауысын естімегелі көп уақыт болды. Сағындым... Бойымдағы сезіммен арпалыстым... Неге оның хабарсыз кеткенін түсіне алмадым... Қиналдым... Қанша рет оған қоңырау шалмақ болдым... Бірақ шыдадым, шыдадым. Қанша дегенмен қазақы тәрбиені бойыма сіңіріп өсірді ғой ата-анам. Жауаптан гөрі сұрақтары көп күндерім өтіп жатты. Бірақ сол жауапсыз күндердің бәріне үміт арттым...Бірде «агентпен» сөйлестім. Бұл диологты кімнің бірінші боп бастағаны есіде жоқ, жақынарада қалаға баратынымды айтып, ол кездескісі келетінін айтып, аяғында кездесетін боп шешіп, сөзіміз осылай аяқталды. Шынымды айтайынба, бұл кездесуге де асықтым, асыға тұрып, кездесер күнге жеткенімді қаламадым. Неге дейсізбе? Өйткені... Бойымда бір қимастық сезім болды! Сағыныш және қимастық... Онымен кездессем одан кейін көрмейтіндей, бұл соңғы кездесуіміз болатындай көрінді маған. Сезімім алдамапты. Шыныменде соңғы кездесуіміз екен. Мен оны соңғы рет көргенімде, сол кез қала театрларында Қазақстаннын «Ғашық жүрек» атты жаңа фильмі көрсетіліп жатқан болатын. Өзіне ғашық еткен осы бір жігіттің сол киноға мені шақырғанын осыншама күттім. Бірақ ол мені кинаға емес, қоштасуға шақырды. Сонғы кездесуде үйленгенін, бір қызы барын, айырылысып кеткеніне 1 жылдай уақыт болғанын айтты. Шын ғашықтығым шығар, бұдан кейін де ол жігітке деген сезімім еш өзгермеді.Өзінің маған тең емес екенін айтып шығарып салды. Осылайша ол да кетті, мен де кеттім. Жүрегімде ойран-асыр салып сезімім қалды. Еріме , азаматыма балап жүрген адамыңның кеудеңнен итергенінен артық қорлық барма?!

Шәй басында, жұмыс орнымда, көшеде келе жатсам да оны ойлап жүретінді шығардым. Әбден қиналып кеттім... Жауапсыз сезімім мені есімнен адастыратын болды. Жауапсыз сезіміме тіл қатар адам болар ма екен деп жүргенімде парасатты, әр қыз «мені сүйсе екен» деп айтар жұмыстасымның менде көңілі бар екенін білдім. Ғашығымды ұмытпақ оймен осы жігітпен кездесуге де шықтым.. Жауапсыз сезімнен шаршағаным соншалық, бәріне қол сілтеп, еріп кете барғам келді. Бірақ ештене өзгермеді. Бұл жігіт жүректегі мендік сезімді селт еткізе алмады. Ол жігіттің «жақсы жар» боларына күмәнім шексіз болса да оған ғашық бола алмадым. Жүрегің қаламаса, не істесең де бос әурешілік екен. Бұл жігітпен қыз-жігіт болып кездесе алмадым. Сөзге шектеу қойылса да, ойға, қиялға еш шектеу қоя алмайды екенсің. Осы кездерде, Маған ғашық жігіттің орнына өзімді, өзімнің орныма өзім ғашық жігітті қойып, салыстырып қарадым. Көп нәрсе ұқтым... Бұл жігіт маған қанша жерден мейірлене қараса да, қанша жерден жылы сөзімен жанымды жылытпақ болса да, мен оның сезіміне сезіммен жауап бере алмадым, оның жылы сөздеріне жылына алмадым. Өзімнің ғашықтығыма өзім мас болып, ештене  байқамаппын ғой...  жаныма осыншама маза бермей, жауабы жоқ сан сұрақтың жауабын бір-ақ сәтте білдім... Қанша жерден тырысып бақсаң да жүрегің қаламаса, ғашық бола алмайды екенсің. Сан сұраққа қалай, қайдан жауап таптың дейсіз бе? Өзіме ғашық жігітке  сезіммен жауап бере алмағанымдай, ол жігіт те маған сезіммен жауап бере алмаған екен ғой. Мен сүйген жігіт ешқашан маған мейірлене қарамапты, ешқашан жылы сөзін арнамапты, кездесудің соңында ешқашан «Кішкене қасымда қала тұршы» деп бір де бір рет айтпағанын сол кезде ған ұқтым. Өзімнің оны көргеніме мәз болып жүре беріппін. Осыны түсінгеннен кейін бойым біраз жеңілдеп қалғандай болды. Кім білген, маған ол жігіт ғашық болмаса, әлі күнге сан сұрақтың жауабы табылмай жүрер ме еді?! Осыны түсінгеннен кейін ол жігітті ұмытпаққа бел будым. Жауапсыз сезіммен  жастығымның құрбосқа өтіп жатқанын түсіндім. Соңғы рет дауысын естімекке ұялы телефонына қоңырау шалдым. Сөйлестім, көңіл-күйін білдім, сөз соңында «тағы да хабарласамыз ғо» деді, бірақ мен енді оның қоңырауын күтпеймін.  Дауысыңды соңғы рет тыңдап тұрып, іштей қоштасып жаттым...

ЖАНЫМ! Бұл менің саған деген ең соңғы хатым. Сенімен кездескен күннен-ақ арманымдағы  адам екеніңді түсіндім. Сен мені түсінбедің. Бәлкім түсінген боларсың, «мен сенің теңің емеспін» деп жауап қайтаруды жөн көрген боларсың?! Қалай болғанда да сені еш кінәләмаймын. Сенімен кездескен күннен-ақ санам сан-саққа, қиялым қым-қиғаш ойларға толып, сенімен бірге болатын болашағыма жоспар құратынмын. Сенің жағаңның кірлемеуінің, тамағыңның тоқ болуының қамымен жүрер  адал жарың, бетке ұстар арың,  ата-аныңның жұмсақ наны мен ыстық шайын алдына ұсынып отырар көргенді келін, өзің айтпақшы ұлдарыңның аяулы анасы болсам  деп армандаушы ем... Армандаппын-ау!  Жан дүнием отқа ораным отырса да езуіме күлкі келді...  Қайдан сенің теңің болайын, сен қалалық, мен ауылдық... Сезімімді жауапсыз қалдырғаның үшін қайтып қана сені кінәлайын... Егер сен кінәлі болмасаң, онда, менің кінәлі болғаным ғой. Ия, сені шын сүйгенім үшін кінәлі болдым. Хатымның соңында айтарым, тағдырың кіммен бір болса да шын ниетіммен  БАҚЫТТЫ БОЛУЫҢДЫ қалаймын! Бұл өмірде қанша уақытым бар екенін білмеймін, бір білерім қанша уақыт болса сонша уақыт сіз менің жүрегімдесіз. Жүрегім тірі тұрғанда, ондағы Сізге деген пәк сезімімнің оты сөфнбек емес! Сендей жанға ғашық болып, сезіміме жауап ала алмағаным үшін еш өкінбеймін. Тек  біздің бір болмайтынымызды біле тұра бізді жолықтырған тағдырға налимын...  Қош сау бол!(Осы бір жауапсыз сезімім  Махаббатсыз ғұмырдың-мәнсіз ғұмыр екенін ұқтырды маған. )

Шексіз Сағынышпен АРУ!



Бөлісу: