Жауапсыз махаббат...

Жауапсыз махаббат...
жеке
блог

Еркектің көз жасы.


 Сараңның берген тиынындай,
Қиналғаннан соң,қатты қысылып!
Көзімнен әрең жас шықты,
Мөлт етіп тамшы,бетімнен!
Қоштасу неткен қиын-ай,
Жүгірдім, жан ұшырып!
Үлгеру үшін, асықтым,
Тоқтай тұршы,өтінем!

Сезімнің бар ма,қалғаны?
Бітпеген шығар,сарқылып!
Үмітімді үзбей келемін,
Өзгертер деп,байламын!
Жанарын көрсем,болғаны!
Жылуын шашқан,жарқылын!
Не айтсаң да,көнемін,
Міне поезд,ал сен қайдасың???????

Өкініш.
Ақшыл сары келіншек,
Қимылы сондай еріншек.
Бұлтыңдайды бөксесі,
Жалтұлдайды,өкшесі.
Кеттік,-деді,-менімен,
Ұнатып қалдым, сені мен!
"Әйелім бар,"деп күрсіндім,
"Бара алмаймын,"бұл шыным!
"Ақымақсың!"деді сылқымым,
Жарқ етіп көзі,жүрек бұлқынып.
"Бәрібір жейсің,таяқты,
Күйеулерін қашан аяпты?"
Не үшін екенін,білер едің,
оңашада есіңе түсіріп,жүрер едің!
деді де,кете барды,аяңдап,
дегенімше,-тұршы біраз аялдап!-

Жалынымды қайтаршы, жалынам!

Өшіріп алдым жалынды,
Жаңбыр астында,малынып.
Тағдырдың айдаған бұлтынан,
Желінен үскіріп,жұлқыған
Әсер етіп тамшылар,салқыны!

Айдауында жүріп,тағдырдың,
Астында қалдым,жаңбырдың.
Қоламтасы да,қалмапты,
Оны да тамшы жалмапты
Шоғын келіп еді,қалдырғым!



Сөніп біткен соң,ойландым,
Жалыным жоқ,салар сойқанды!
Жағып көрші маған қайтадан.
Тауып берші,сонда,жай табам!
Неге келмейді,қайтарғың?

Телефоның өшірулі.

Телефоның бүгінде өшірулі,
Жоспарыңа алмапсың,кешіруді!
Нөмірің тек ауысып кетпесе екен,
Ойға алма,өміріңнен өшіруді!

 

Кеше де,алдыңғы күні де, үнсіз тұғын,
Үн біте қойсын неге, оған бүгін.
Ал ертең тұтқаны егер көтермесең,
Мазаламаймын мәңгіге,іштен тынып!