Жауабы жоқ сұрақтар

Жауабы жоқ сұрақтар
жеке
блог

Мені толғандыратын нәрселер көп қой.Қайсы бірін айтайын.Ел жайын ба?Өз жайымды ма?Әлде өзгенің жайын ба?

Ел жайында ойлайтын болсам...

Болашақты жарқын ететін бүлдіршіндер қалай өмір сүріп жатыр екен?Өмірлері қызық па?Бұзық па?Жақындары бар ма екен жандарында.Аштықтың,жетімдіктің зардабын көріп жатырған жоқ па екен?

Балалар үйіндегі ботақандардың жағдайы қалай екен?Оларды бақытты қылам деушілер,жүрегінде иманы барлар жетерлік.Дегенмен,олардың көмегі толығымен,солар үшін жұмсалып жатыр ма?

Өз жайымды ойлайтын болсам...

Менің болашағым жарқын ба?Болашағым үшін жасап жатырған жұмыстарым дұрыс па?Еңбегім ақталады ма?Әке-шешемнің маңдай терімен тапқан ақшасын өтей аламын ба?Ел үшін не істей алады екемін?Журналист болып қаланамын ба?Ауыр жүкті көтеріп жүрген жоқ па екенмін?

Өзге жайында ойлайтын болсам...

Айналамдағылар неден қиындық көріп жүр?Бақытты ма? Қандай жолда жүр екен.Адал ма?Әлде қалай?Өздері үшін, ел үшін не істеп жүр?Жалғыздықты сезіп жүрген жоқ па екен?

Мен ойлана берем,ойлана берем...

Мені толғандырған сұрақтарға жауап жоқ!