"Жатақханадағы бірінші күнім" кезексөзінің қорытындысы

Достар, сәлем! Бұл күнді асыға күттік!

Өйткені бүгін "Жатақханадағы бірінші күнім" тақырыбындағы кезексөз аяқталып, жеңімпаз анықталады. 

11 қазан күні басталған кезексөзді қорытындылайық. 

1. Гүлжан Серік. Кезексөзді жалғадым (14 қазан) 13 +, 40 пікір (21-і автордікі)

2. Мақпал Тұрлыбекқызы. Көрінбейтін таяқша (15 қазан) 4+, 20 пікір (10-ы автордікі)

3. Сарғалдақ. Эстафета: Жатақханадағы алғашқы күнім (19 қазан) 4+, 12 пікір (4-і автордікі)

4. Айгерім Сматуллаева. Балмұздақтың бал күні (23 қазан) 4+, 24 пікір (7-еу автордікі)

5. Әсел Асанова. Эстафета (24 қазан) 2+, 12 пікір (3-еуі автордікі)

6. Жұлдыз Әбіл. Екі бірдей тақырып: Массагет... Жатақ Бүгін жазылды. 

7. Ардақ Құлтай. Жатақхана үйімдей болып кеткен еді Бүгін жазылды. 

Осы жерде бүгін жазылған 2 блог әлі оқылар еді, деңгейлері әлі анықталар еді деген дау айтушыларға мынаны айтқымыз келеді. Қарап отырсақ, 11-і күні басталған блог араға 3 күн салып барып жалғасқан. Мақпалдан кейін Сарғалдақ 4 күн өткен соң жазған. Айгерім де солай. Өз уақытымызды өзіміз алып, кезексөз таяғын ұстап алып, басқаларға мүмкіндік бермей отырып аламыз. Жазатын ештеңеңіз жоқ болса, кезексөз қызықсыз деп тапсаңыз, таяқшаны жазғысы кеп жалындап отырған адамға беріңіз. 

Сонымен "Жұлдызды блогты" Гүлжан Серікке берсек, әділ болады деп ойлаймыз. Гүлжан, жеңісің құтты болсын!!! 

Сурет: sanya-sim.vuspehe.com



Бөлісу: