Жатақхана - жайлы қоныс, өз үйің!

Жатақхана - жайлы қоныс, өз үйің!
жеке
блог

Жатақханада күн көрістің нашарлаған сәті. Уайым мен қиыншылықтың арасында жүрген кез болатын. Жұмыс керек. Басқа барар жер жоқ. Өзгеден көмек сұрау мен үшін үлкен намыс. Әлі де солай. Жағалап жүріп ұсыныс тастаған алыс танысымның арқасында Тез дайындалатын тағамдар орталығына барып жұмыс істедім. Қиын әрине, күндігіне 500 теңге алғаныңа мәз боласың. Қара жұмыс істейтін адамның түрі қалай болушы еді. Өңі қашқан, қолдары сатала. Қанша жусаңда кетпейді, себебі күнде үлкен қазанды, етті майдалағыш, тауық етін пісіртеін құралдарын жуу үшін суға батырғанда, қолдарыңды мүжиді дисің.

Алғаш барғанымда ата-анаң түгел ме, жалпы тірі ме?- деп қойылған сұрақ жүрегімді зу еткізіп, дуылдата қоя берді. Бұл сұрақты өмірімде маған ешкім қоймаған еді. Шүкір, тірі әрине, неге сұрадыңыз? дегенімде. – Мұнда көбінесе жағдайы жоқ, және жетім жандар келеді,- деді егде тартқан жұмысшы. Жауабы да сұрағы да түйеден түскендей. Төрт құбыласы түгел адам сонда барады ма? Біреудің қол астында жұмыс жасау...  Егер мұны бауырларым білсе. Менің маңдайымнан сипамасы анық. Ең әуелгі сөз: Сені неменеге оқытып жатырмыз? Сен жұмыс істейтін  болсаң? Бізден сұрамайсың ба?- деп ұрса жөнеледі. Ал мендегі ой есейсем де сендерге жалтақтаймын ба? деген талпыныс қой. Тіке айтуға шама жоқ, жасыруға тура келді. Ол кездегі сәтте алып бара жатқан қиыншылық жоқ. Түркістанда жүріп аш қалмаймын ғой. Өмір көру. Отбасы төмен адамдардың күнделікті тіршілігін байқау. Байлардың оларға деген қатынасын анықтау. Бәрін көрдім, көз жеткіздім. Жетім-жесірдің тұрмысы маған таңсық емес.

Сол жерде жүріп күнделікті нанын зорға тауып жүрген адамдарды көрдім. Күн көріс үшін жанын қинағысы келмей, арамдыққа қол сұғатындарды. Жаман жолға түскен пенделерді де көз көріп қайтты. Бұл адамдардың әр бірінің тағдыры өзінше бір әңгіме. Бәрінен бұрын күнде алған табысым қолыма түскендегі менің қуанышымды көрсеңіз. Кешқұрым жатақханаға басқаша сезіммен зулай жүремін. Еңбекпен тапқан тиын. Сол кезде бізбен бірге гагауыз жігіті де болды. Ол да жатақханада жататын, дайындықта оқушы еді. Сондай ақ көңіл болатын. Қазақ тілін жақсы білмейді, түрікшесі жақсы. Кейде екеуіміз бірге қайтатынбыз. Түрікше, қазақша, орысша сапырып бір-бірімізді зорға түсінісеміз. Ол да бір қызық. Әңігме арасында сенің дінің не? Деп сұрағанымда, – Туылғаннан христиан деген еді. Осы сұрақтың жауабын білгеннен жатақханаға келгенше үнсіз келдік. Оны мүлдем діні басқа деп ойламаппын. Оның да сүйікті қызы бар еді. Бір күні жолда хабарласып қалды. Қызы маркеттен шыққан екен, біз ол жерден ұзап кеткен едік. Өзінше қысылып, мені жарты жолда қалдырғанына ұялып, айта алмай тұр. Бірден түсіндім де жымиып, ештеңе етепейді өзім бара беремін, жақын қалдық қой дегенімде, мәз болып, - Рахмет,- деп жүгіріп кеткен болатын. Ол көп ұзамай жұмыстан шығып кетті. Өзімнен кіші тағы бір жігіт болған еді. Түркістанның тумасы мені аздаған уақыт апарып қайта жұмысына келіп жүрді. Көп ұзамай менде шығып кеттім. Бастықтың біраз жібергісі келмеді. Не жағдай? Неге шығамын дейсің?- деп қазбалады. Жұмысы ауыр ғой, аздап жүрегіме сырқат таңылды. Дегенменен діт дегеніме көз жеткіздім. Адамдар арасындағы заңдылық, бәрін ұғындым. Сол жерде жүріп намыстансам да ішімнен Мен болашақ журналистпін. Ертең өсемін бұл уақытша. Өмір болған соң бәрін біліп, көру керек деп қажырлығымды қамшылап қоямын.

Өмір өткінші, не жасасаңда өз еркің, өмірің өз қолыңда қалай жүремін десең өзің білесің. Ешкімнен ешкім кем, не артық емес. Адамдар Алланың алдында бірдей.