Жатақхана хикаясы
блог
Келген сәтте жігіт не амал қарастыруына да шамасы келместен қазанымен қоса қаша жөнеледі. Қыз сол екі арада ұстап аламын деген үмітпен ұмтылуда, жігіт жете алмайды-ау дегенде барып қазанының қолында қалып қойғанын сезеді. - Енді қайттім енді құтылдым ба дегенім осы еді, қайта баруға баталмаймын. Қап, қалайша мұндай күйге тап болдым екен деп күйзелу үстінде. Сол екі арада ауылдың көрінісі елестей жөнеледі. Жазық дала жайылымдағы қойлар, буы бұрқырап жатқан қазандар, табаққа тартылып жатқан еттер, шіркін, ауылыма қашан жетер екенмін. Өз үйімде болсам мұндай күйге түсіп түсіп, күйзелмес те едім...,-деп қиял үстінде тұрғанда қазаны қолынды тұрғанын аңғармай қалып, сап етіп жерге түскен кезде даңғырлаған үнінен шошынып қарап қалса қазан екіге бөлініп, екеуі екі жақта теріс қарап жатыр. Бір мәселесі аздай екіншісі қосылды. Енді іс жасағаны былай тұрып ойлануға шамасы келмей қалды. Өкінгенмен орнына келмес әттең, сол қазанды алмай-ақ тыныш аштан-аш жатқанда ғой, мұндай болмас та еді. Қызға не айтамын тамағын өтемектен бұрын, қазанды айтсай қазанды-ы-ы-ы,-деп кейіді. Кешірім сұрап жоқтың орнын толтырып қойсам қалай болар екен? жоқ. Менде орын толтырар жағдай болса мұндай жағдайға келмес те едім. Әлде барып мендегі жағдайды бүге-шүгесіне дейін жеткізсем бе? Ал, оған қыз көнер ме, екен?...
Жалғасы бар