Жатақхана хикаясы

Жатақхана хикаясы
жеке
блог

   Ер жігіттер көбіне әр нәрсеге жіті мән бере-бермейді. Не болса да алда көреміз,- деп жүре береді де қарнының ашқанына шыдамай қыздардың пісірген тамағына көз сала бастайды. Қыздардың ондайдан әбден аузы күйген тағамның қасында қашан піскенше қадалып тұрады. Кенет бір қоспасын ұмытып бөлмесіне кетккенде, пісуге жақын қалған тағамды: не болса да ішіңе барып піседі,-дейді де қазанымен ала қашады. Қыз қайтып келсе қазан жоқ, шарқ ұрып іздеуге жөнеледі. Маңайларға "ішіндегі асын қайдам, қазанымды қайтарыңдар" деген парақшалар іліне бастайды. Ал, ұлдар болса бөлмелерінде шала піскен бе, басқа ма?  оған мән берместен бәрі үйірлене жайғасып қарындарын тойдырып, қазанды қайда қоярларын білмей әбден ойлануда. Ең соңында біреуі: қазанды апарып қоя салайық,-деген тоқтамға келеді. Қазанды орнына қоя бергенде, қыз үстінен түсіп қалады...

   

                                      Жалғасы бар.