Адамның ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамытатын жақсы эстафета екен. Жасырылған шығармалардың көбін білмегеніме қарап әлі оқитын, әлі де тыңдайтын, әлі де көретін шығармалар көп екен деп ойладым. Сонымен, менің жасырған шығармаларым:
1) .....Бір сөзбен айту қиын. Жалпы ойындағы көксегенің бір сөзге сиятын болса, оның да соншалықты мәні бола қоймас. Мен күні көшеге дейін өз өмірімнің әр күнінен ғажайып бір жаңа құбылысты, жаңа бетбұрысты күтіп келдім. Әне-міне ол есігімді қағады деп күттім,қағады да мені ертегідей бір өмірге жетелеп алып кете баратындай көрінетін. Лағы өлген киіктей ол қиялым да суалып бітті. Ерте суалды. Өйткені мен ертеңгі күнімді ерте түсіндім. Бәрі алақандағыдай. Ешқандай сыры,ешқандай жұмбағы жоқ. Бүгін - сегіз сағат жұмысы, бір сағат үзіліс, кешкі ас, жеті сағат ұйқы. Ертең - сегіз сағат жұмыс, бір сағат үзіліс, кешкі ас, жеті сағат ұйқы...
Осылай кете барады, кете барады. Өмір бойы!..
....- Сенбеймін! Пальтоңды ұстап көрдім, жып-жылы,міне, сумкаңды көрейін, ол да жып-жылы! Бағана келгенсің де, биімді тамашалап тұрып, мені іштей аяғансың ғой! Аядың, күлдің, мазақтадың! Енді кеп кітап оқыған боп отыра қапсың! Сұлу! Сұлулардың бәрі залым, бәрі қу, бәрі екіжүзді! Мен оларға сенбеймін!
Бағила мұнан әрі не сөйлерін білмей жұмған аузын ашпады. Әсем музыкаға матросымен беріле билеп жүрген сәтін бұзгысы келмегенін, бұза қалса оны бұдан да жаман күйге түсер деп батылы жетпегенін Бағила оған қазір түсіндіре алмасын ұқты....
Шығарма танымал, біреулерге ұнамағанымен өзіме ерекше ұнайтын шығармалардың бірі.
2) ....Ағалар енді аман бол!
Келді ме деп жыршылар,
Ботадай көздері жайнаған.
Тал шыбықтай бұралған,
Маржандай тістері құралған,
Мырза қайным келді деп,
Шыға да алмаған құмардан....
Өте танымал терме, өзіме қатты ұнайды)).
3)
Қазақтың дархандығын бір ғана адамның бойынан көрсете білген керемет туындының бірі.
Жалпы, бәрі өзіме таныс, өзім ұнатып оқып, өзім ұнатып тыңдап, көретін шығармаларымды жасырдым. Бұлар туралы постарымда болған.
Соңғы оқыған оқып жатқан кітабыңыз? Суйіп тыңдайтын әніңіз? Ұнатып көретін қазақ киносы?
Дәл қазір ешқандай кітап оқып жатқам жоқ, маған өлеңнің сөзі ұнаса болды тыңдай берем, "Ауылым көктебенің баурайында", "Менің атым Қожа" ең сүйікті киноларым.
Эстафетаны, Әбіләкімге бергім келеді.