Жасыңыз нешеде?
блог
Өткен жолы өкпемді өкпелетіп алып ауруханаға жатуға тура келді. Қабылдау бөлмесінде отырған қыз менің жасымды сұрады. Дәрігерлер көбіне жылды сұраушы еді, мынау кәдімгідей жасыма шұқшиды.
Менің жасым...Сенесіздер ме мен өзімнің нешеде екенімді бірден айта алмай қалдым. Не 28-де не 27-де екенімді жобамен біліп отырмын. 2012 жылдан өзімнің туған жылымды алып(ондада ұялы телефондағы калькулятор арқылы) жасымды айтып бердім. Ойлап қарасам, 25 жасыма дейін нешеде екенімді біліппін. әлде, үйленген соң мен үшін маңызы кетті ме екен, кейінгі жылдары туған күндерімде нешеге толып жатқаным жайлы ойламаппын. мүмкін, елімізге келтіріп жатқан пайдамыз болмағаннан кейін біздің нешеде екеніміз маңызды емес те шығар. Анау ананша жасында мынанша іс тындырыпты деген мысалдарды келтіре беруге болады ғой.
Ал, сіздер өз жастарыңызды білесіздер ме?