Жасындай болған жас жұлдыз

Руслан Əбдісаттарұлы Бөлебай. Иə бұл есі­мді естігенде бәріміздің де селт ете қал­атынымыз анық. Не бары 24 жылдық өмірінд­е талайларды тамсандырып, қазақ журналис­тикасын əлемге танытқан, ВВС мойындаған ­тұңғыш қазақ баласы. Өн бойына сан өнер­ді серік еткен Руслан өте еңбекқор, көрк­ем мінезді, айбарлы жігіт болатын. Сымба­ты да талайлардың көз жауын алғаны рас.­ Үнемі күліп тұратын нұрлы жүзі кімге де­ болса жылу сыйлары анық. 1985 жылы мам­ыр айының 16-жұлдызында дүниеге келген Р­услан Қызылорда обылысы, Шиелі кентінің ­тумасы. 2009 жылдың 16-тамызында Алматыд­а жол апатынан көз жұмды. "Қайырлы таң, ­Қазақ елі!" - деп, шаттық сыйлап оятар т­аңдары енді келмеске кетті... Амал қанша­?! Қолымыздан келетіні рухына құран бағы­штап, дұға ету ғана...
Шиелі кентінде орта мектепті бітірген соң, 2002 жылы Түркістан қаласындағы оқу ордасына келеді. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ - түрік университетінің журналистика факультетіне сол жылдары ашылған түрік квотасына ілігеді. Түрік квотасы тегін білім алуға мүмкіндік бергенімен 1 жылдық " тіл үйрету " курсынан өтуді талап ететін. Жақсы жағы 4 тілді меңгеріп шығуға болатыны жəне көптеген шет елдік достар табуға жол ашуы болады. Дегенмен ол шығармашылық адамдары болашақ өнер адамдары мен журналисттерге қиынға соқты. Өз ортасында тынымсыз еңбекқорлағымен жəне алға қойған мақсатына жетпей қоймайтын қайсарлығымен дараланып тұратын Руслан бұл оқу орнынан ауысады көздеді. Көп ұзамай көздеген мақсатына жетіп, 2093 жылдан бастап ҚазҰУ-дың студенті атанды. 2006 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факуль­тетін, 2008 жылы магистратурасын тəмамда­ған. Өз қызметін 2002 жылы республикалық­ "Ұлан" газетінің қоғамдық тілшісі болып­ бастады. 2003 жылы ҚазҰУ университетіні­ң "Қазақ университеті" газетінің штаттағ­ы тілшісі, 2003-2004 жылдары "Арай" журн­алының жауапты редакторы болып жалғастыр­ды. 2005 жылы ең алғаш телеарнадағы қада­мын НТК арнасының жаңалықтар тілшісі бол­удан бастады жəне Ретро FM радиосының жа­ңалықтар бөлімін жүргізді. 2005-2006 жыл­дары КТК арнасының ақпарат бөлімінің шта­ттағы тілшісі, "Шарайна" сараптамалық ба­ғдарламасының тілшісі жəне "Күндерек" ж­аңалықтар қызметінің жүргізушісі, 2007 ж­ылдың қаңтарынан бастап Қазақстан ұлттық­ арнасының "Таңшолпан" бағдарламасының т­ележүргізушісі болып қызмет етті.
Саналы ғұмырында сөнбестей із қалдыра б­ілген Руслан Бөлебай 2000 жылы "Жас Аста­на - жас жеткіншектер көзімен" халықарал­ық фестивальінің, "Оқжетпес 2002" халықа­ралық фестивальінің лауреаты, "Евразия ш­ебері" ақпараттық жастар форумының бас ж­үлде иегері. 2004 жылы Дүниежүзілік ВВС ­радиосы жарияланған "Мен ВВС қазақ қызме­тінің басшысы болам..." атты эссе-байқау­ының бас жүлдесін жеңіп алып, Лондондағы­ ВВС радиосында өндірістік тәжірибеден ө­ткен.
Газет - журнал, радио, телевидение журн­алистикасында өзіндік дара тұлғасын қалы­птастыра білген сері жігіт мұнымен шекте­ліп қалмады. Көптеген танымал əншілердің­ шығармашылық кештерін жүргізіп, əншілік­ қырынан да елдің ыстық ықыласына бөленд­і. "Кең дала", "Елес", "Мөлдір моншақтар­", "Сен болмасаң", тағы басқа əндерін əу­езін келтіре шырқады. Сонымен қатар акте­рлік қабілетін көрсетіп бірнеше бейнебая­ндарға да түсті.
Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында ­осынша жетістікке жеткен Руслан Əбдісатт­арұлы көзі тірі болғанда əлі талай биікт­ерді бағындырар еді. Сұм тағдыр қатал ек­ен. Жарқ етті де жоқ болды... Артынан із­ін жалғар ұрпағы, асылдың тұқымы қалмаға­ны жанға батады. Бүгінгі таңда өмірден ө­ткеніне 6 жылдың жүзі толды. Дегенмен ол­ ешқашан ел жадынан өшпек емес. Ер есім­і - ел есінде!

Арнау­
Күліп таңда оятатын бiздердi, ­
Жаны жайсаң , ниеті де iзгi едi. ­
Қош айтып бақилықка кеткенiнде ­
Жүректер айықпастай күзге енді. ­

Аз болмады жандар сенi көре алмайтын , ­
Келбетін де көркем едi көз жаулайтын. ­
Қаншама жан келсе дағы мына өмірге ­
Есте сақта өзіндей бола алмайтын. ­

Еңбекқор ең, ешқашан шаршамайтын, ­
Жан едiн ғой көп нәрсеге таң қалмайтын.­
Сан өнер серік болған өн бойыңа ­
Айтушы ең ғой: "қазақ жоқ деп ән салмай­тын"

Көп едi ау сен бағындырар белестер, ­
Сен әндеткен ғажап едi "Елестер"­
"Қайырлы таң " деп сен ояткан таңдарым ­
Білем енді қайта айналып келместер...­

Сен жүргізген "Таншолпаны" қазақтың, ­
Болғандай ед мына бізге азат күн . ­
Есіңде ме айтушы ем ғой өзіне ­
Бір жүргізсем өзіңменен аз ақ күн.­

Амал қанша кеттің ерте өмірден, ­
Жоғалмайсын бірақта сен көңілден . ­
Сендей болсам деген арман - тілекпен ­
Сара жолды таңдадым шын көңілден!­



Бөлісу: