Жасындай болған жас жұлдыз
блог
Руслан Əбдісаттарұлы Бөлебай. Иə бұл есімді естігенде бәріміздің де селт ете қалатынымыз анық. Не бары 24 жылдық өмірінде талайларды тамсандырып, қазақ журналистикасын əлемге танытқан, ВВС мойындаған тұңғыш қазақ баласы. Өн бойына сан өнерді серік еткен Руслан өте еңбекқор, көркем мінезді, айбарлы жігіт болатын. Сымбаты да талайлардың көз жауын алғаны рас. Үнемі күліп тұратын нұрлы жүзі кімге де болса жылу сыйлары анық. 1985 жылы мамыр айының 16-жұлдызында дүниеге келген Руслан Қызылорда обылысы, Шиелі кентінің тумасы. 2009 жылдың 16-тамызында Алматыда жол апатынан көз жұмды. "Қайырлы таң, Қазақ елі!" - деп, шаттық сыйлап оятар таңдары енді келмеске кетті... Амал қанша?! Қолымыздан келетіні рухына құран бағыштап, дұға ету ғана...
Шиелі кентінде орта мектепті бітірген соң, 2002 жылы Түркістан қаласындағы оқу ордасына келеді. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ - түрік университетінің журналистика факультетіне сол жылдары ашылған түрік квотасына ілігеді. Түрік квотасы тегін білім алуға мүмкіндік бергенімен 1 жылдық " тіл үйрету " курсынан өтуді талап ететін. Жақсы жағы 4 тілді меңгеріп шығуға болатыны жəне көптеген шет елдік достар табуға жол ашуы болады. Дегенмен ол шығармашылық адамдары болашақ өнер адамдары мен журналисттерге қиынға соқты. Өз ортасында тынымсыз еңбекқорлағымен жəне алға қойған мақсатына жетпей қоймайтын қайсарлығымен дараланып тұратын Руслан бұл оқу орнынан ауысады көздеді. Көп ұзамай көздеген мақсатына жетіп, 2093 жылдан бастап ҚазҰУ-дың студенті атанды. 2006 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін, 2008 жылы магистратурасын тəмамдаған. Өз қызметін 2002 жылы республикалық "Ұлан" газетінің қоғамдық тілшісі болып бастады. 2003 жылы ҚазҰУ университетінің "Қазақ университеті" газетінің штаттағы тілшісі, 2003-2004 жылдары "Арай" журналының жауапты редакторы болып жалғастырды. 2005 жылы ең алғаш телеарнадағы қадамын НТК арнасының жаңалықтар тілшісі болудан бастады жəне Ретро FM радиосының жаңалықтар бөлімін жүргізді. 2005-2006 жылдары КТК арнасының ақпарат бөлімінің штаттағы тілшісі, "Шарайна" сараптамалық бағдарламасының тілшісі жəне "Күндерек" жаңалықтар қызметінің жүргізушісі, 2007 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан ұлттық арнасының "Таңшолпан" бағдарламасының тележүргізушісі болып қызмет етті.
Саналы ғұмырында сөнбестей із қалдыра білген Руслан Бөлебай 2000 жылы "Жас Астана - жас жеткіншектер көзімен" халықаралық фестивальінің, "Оқжетпес 2002" халықаралық фестивальінің лауреаты, "Евразия шебері" ақпараттық жастар форумының бас жүлде иегері. 2004 жылы Дүниежүзілік ВВС радиосы жарияланған "Мен ВВС қазақ қызметінің басшысы болам..." атты эссе-байқауының бас жүлдесін жеңіп алып, Лондондағы ВВС радиосында өндірістік тәжірибеден өткен.
Газет - журнал, радио, телевидение журналистикасында өзіндік дара тұлғасын қалыптастыра білген сері жігіт мұнымен шектеліп қалмады. Көптеген танымал əншілердің шығармашылық кештерін жүргізіп, əншілік қырынан да елдің ыстық ықыласына бөленді. "Кең дала", "Елес", "Мөлдір моншақтар", "Сен болмасаң", тағы басқа əндерін əуезін келтіре шырқады. Сонымен қатар актерлік қабілетін көрсетіп бірнеше бейнебаяндарға да түсті.
Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында осынша жетістікке жеткен Руслан Əбдісаттарұлы көзі тірі болғанда əлі талай биіктерді бағындырар еді. Сұм тағдыр қатал екен. Жарқ етті де жоқ болды... Артынан ізін жалғар ұрпағы, асылдың тұқымы қалмағаны жанға батады. Бүгінгі таңда өмірден өткеніне 6 жылдың жүзі толды. Дегенмен ол ешқашан ел жадынан өшпек емес. Ер есімі - ел есінде!
Арнау
Күліп таңда оятатын бiздердi,
Жаны жайсаң , ниеті де iзгi едi.
Қош айтып бақилықка кеткенiнде
Жүректер айықпастай күзге енді.
Аз болмады жандар сенi көре алмайтын ,
Келбетін де көркем едi көз жаулайтын.
Қаншама жан келсе дағы мына өмірге
Есте сақта өзіндей бола алмайтын.
Еңбекқор ең, ешқашан шаршамайтын,
Жан едiн ғой көп нәрсеге таң қалмайтын.
Сан өнер серік болған өн бойыңа
Айтушы ең ғой: "қазақ жоқ деп ән салмайтын"
Көп едi ау сен бағындырар белестер,
Сен әндеткен ғажап едi "Елестер"
"Қайырлы таң " деп сен ояткан таңдарым
Білем енді қайта айналып келместер...
Сен жүргізген "Таншолпаны" қазақтың,
Болғандай ед мына бізге азат күн .
Есіңде ме айтушы ем ғой өзіне
Бір жүргізсем өзіңменен аз ақ күн.
Амал қанша кеттің ерте өмірден,
Жоғалмайсын бірақта сен көңілден .
Сендей болсам деген арман - тілекпен
Сара жолды таңдадым шын көңілден!