Құрметті оқырмандар, мақаламды бастар алдында келесі сұраққа жауап беріңізші: “Төмендегі суретте бірінші кезекте нені көресіз?”
Сіз қызыл нүкте көріп тұрсыз ба? Әлде ақ қағазды ма? Немесе үстінде қызыл нүктесі бар ақ қағазды көріп тұрсыз ба?
Балаларды тәрбиелеу блогын жүргузуші Татьяна Иваненко өз блогында осы белгіленіп көрсетілген қателер баланың өмірге көз-қарасының қалыптасыуна қандай ықпалын тигізетінің туралы жазған. Автордың осы пікірінің ақиқаттығына көз жеткізгім келеді.
Татьяна өз қызын мектепке барудың алдында жазуға өзі үйретті. Сол сабақтарынан бізге келесіні көрсетті:
Сіз қандай айырмашылықты көресіз? Татьяна баланың қателерін қызыл сиямен сызған жоқ. Баланың жақсы шыққан әріптермен суреттерді жасыл сиямен бөліп көрсетті. Осыны баласы өтте ұнатып, әр кезде «Анашым, қайсысы әдемі болып шықты?»-деп сұрапты. Анасы «Керемет» - деген сөзбен ең әдемі тұрған жазбасын белгілегенде, баласы өте қуаныпты.
1)
2)
Осы қолданыстың екеуінің арасындағы айырмашылықты көріп тұрсыз ба?
Алғашқы кезде біз қатеге көңіл аударамыз. Сіздің есіңізде не қалды? Дұрыс, қате және сәтсіз жазылған суреттер. Сіз осы қызыл сиямен сызылған суреттердің артында әдемілерін жаттап алдыңыз ба? Жоқ! Санамызда калай деген де белгілегендерді жаттап қаламыз.
Екінші жағдайда біз назарымызды жақсы жасалған жұмыста шоғырландырамыз! Біз мүлдем басқа эмоцияларды сезінеміз. Бұл кезде санамызда біз калай деген де тамаша нәтижені қайталауға ұмтыламыз. Бұл мүлдем басқа мотивацияны береді – қатеден қашу ұмтылысы емес, бірақ жақсы жасау ұмтылысы.
Ал енді келесі сұраққа жауап беріңізші: «Осы белгіленген қателер келешекке кандай ықпал етеді?» Жауабын біз сезіп тұрмыз. Кішкентай кезімізден бастап біз кемшіліктер мен қателерге үлкен назар аударамыз. Мақтағаннан гөрі көбінесе қызыл сиямен мектепте де, үйде де қателіктер мен кемшіліктерді белгілеп тәрбиелегенбіз.
Мысалы, 20 «а» әріптерден тек біреуі ғана белгіленеді. Яғни 19-зы жақсы жазылып тұрғанда, қалған 1 нашар «а» әрібі ғана белгіленіп тұрады. Неге біз осы бір-ақ тал затты көңілге аламыз? Қызыл сиямен қатені белгілеуге біз кішкентай жастарымыздан әдеттенеміз. Осы әдетпен өсіп, үлкен жасқа келгенде, одан құтылуға қиын болады. Қызыл сия әдеті өте көп жағдайларда өмірмен риза болуына кедергі жасайды.
Назарды кайда аударсаңыз, сол өсіп өңеді. Барлығы балалық кезенінен басталады. Балалық кезеннің ақылы мен әдеттерін біз ересек өмірімізге апарамыз. Сол ақыл мен әдеттер өмірімізде бізге үлкен көмек етеді. Татьянаның айтуы бойынша, «Жасыл сия» әдісі балаға қатесін көрсетпесе де, қателер уақыт өткенімен өзіңмен өздері жоқ болып кетеді, өйткені бала тамаша нәтижесіне тартылады.
Мақаланың ең басындағы сұрақты есінізге түсірсеңіз, келесі жауаптарды табасыз:
Қызыл нүктемен мәселе белгіленген. Бірақ, кішкентай нуктеден басқа, суретте оған қоса ақ фон бар. Ақ фон адамның өмірін белгілейді. Сіз нені көрдіңіз?
Мен құрметті оқырмандарға қандай мәселе болмаса да, өмірдің қуаныштары мен жетістіктерін есінде сақтауын тілеймін.
Ал сіз Татьянаның «Жасыл сия» әдісімен келісесіз бе?