"Жасыл елдіктер жалынды қызмет етуде"

"Жасыл елдіктер жалынды қызмет етуде"
жеке
блог

 

Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері- Мысыр шаһары» -деп бекер айтпаса керек. Өз Отанымыздың гүлденіп,етек жаюуы жолында өз үлесімізді қосу әрбір перзенттің парызы іспетті.

Бүгінгі таңда,осы іргелі іс "Жасыл ел" еңбек жастарының қолдауына ие болуда.«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы 2005 жылы Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты дәстүрлі Жолдауы негізінде құрылған көшбасшы жастардың ұйымы болып табылады. Жасыл елдіктердің басты мақсаты еліміздің гүлденіп,өркендеуі жолында студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтамасыз етіп қана қоймай, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау болып табылады.

Жас ерекшелігі 16-29 жас аралығындағы белсенді жастар еңбек ету арқылы,өз туған жерінің гүлденуіне үлес қоса алады.

Ауданымыздың белсенді жастарымен студенттерінен құралған еңбек жасағы жыл сайын қарқынды жұмыс атқарады. Бүгінгі таңдағы әлемдік пандемияға қарамастан жасыл елдік сарбаздар санитарлық талаптарды басты назарға ала отырып қызмет атқаруда. Жаз айында үш маусымға бөлінген жұмыс кестесі бойынша 1-маусым (15 маусым -15 шілде), 2-маусым (15 шілде – 15 тамыз), 3-маусым (15 тамыз – 15 қыркүйек) аралығында жұмыс жүру үрдісі жоспарлануда. Еңбек жасағының құрамына биыл барлығы 90 адам қабылдау жоспарланып отыр.

Осы орайда Шығыс Қазақстан Облысы Үржар ауданының "Жасыл ел" еңбек жасағының белсенді мүшелерімен арнайы сұхбат алған болатынбыз.

-"Жасыл Ел" еңбек жасағында қызмет еткеніме бір айға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде ауылыздың Шошқалы, Қусақ, Үржар сияқты өзендердің бойына тазарту жұмыстары жүргіздік. Бірге қызмет етіп жүрген жастардың көбісі өзімнің қатарластарым. Карантин кезінде еңбек етіп, қаржы тауып қана қоймай туған елді көгалдандыруға қолымыздан келгенше үлес қосып жатырмыз -,деді "Жасыл Ел" еңбек жасағының белсендісі Серікбай Ақжол.

-Жасыл елде жұмыс істеу арқылы көптеген жақын достар таптым. Өз өлкемнің бұрын білмейтін көрікті жерлерімен таныстым. Біз қазір жасыл елдіктермен бір отбасымыз, -деді қуанышпен Алинур Базаралова.

- Біз өз өлкемізде абаттандару жұмыстарынан тыс уақытта, "Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына" орай ұйымдастырылған челлендж-байқауға қатыстық-дейді, Нұрмұхамбетов Ануар.

«Жасыл ел» – тек патриоттардың, елін сүйетін азаматтардың орны. Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Осы орайда аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақтың, ел болашағы болып саналатын жастардың міндеті.Жастар – ұлт келешегі, қоғам айнасы. Оларға қарап ертеңгі күн­нің, болашақтағы қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Сондықтан да олардың қызығушылығын қоғам игілігіне қарай бет бұруы дұрыс дүние. Жал­пы, қандай елде болсын аза­маттарының, жастарының ел ісіне араласуы жақсы құбылыс!