Жасыл дәптерден /ЖД №2/
блог
Айтқанымдай, жасыл дәптердегі жазбаларымның жалғасы. Бұл жолы әлдебір газет, не журналдан түртіп алған "лақ" және "авар" халықтарының жырларын ұсынып отырмын. Нақты кім аударғаны туралы мәлімет жоқ, өкінішке орай. Бұл жырлардың да берері көп...
Лақ халық жырлары
Күннен соң түн келеді,
Түннен соң күн келеді.
Әркімге тірі тұрғанда,
Осылай бола береді.
Ауысып өмір күн, түні,
Күтпеген жерден бір күні.
Түн ғана болып қалуы –
Мүмкіннің әбден мүмкіні.
Баянсыз бұл өмірде,
Бір нәрсе-ақ медеу көңілге.
Бай, кедей деп таңдамай,
Тиіс тек ажал келуге.
Үміттенніп, әне, тұр,
Жүз жас тілеп жүрген ер.
Жүз жылдан соң бәрібір,
101-інші жыл келер.
***
Батса да қалта толы алмас,
Табылар судан, жоғалмас.
Өтіп кеткен жастығың,
Өмірі қайта оралмас.
***
Арнаған саған хатымды,
Бітіріп жаздым атымды.
Хат түгіл өзім барсам да,
Сарқа алман махаббатымды.
Авар халық жырлары
Махаббат өмір ғажабы,
Алдың-ау әбден мазаны.
Шаттығы тиіп өзгеге,
Қалған ба маған азабы.
Сүюдің сонау маздаған,
Ұшқыны қалса аздаған.
Махаббат мәңгі екенін,
Ел білсін, құшақ жаз маған.
***
Сылдырап аққан бұлақ ең,
Жағаңда жасыл құрақ ем.
Сен ғайып болсаң сарқылып.
Сүре алман өмір, сірә, мен.
***
Пәнидің тауысып азабын,
Келсе егер бірге ажалым.
Бақидың сыйлап пейішін,
Алар ем өзім тозағын.
Хан емеспін, қарамын,
Басы бос жеке дарамын.
Ала бер еркім өзіңде,
Бар болса саған жарарым.
***
Қалған жоқ барар жер бітіп,
Келді ол сені тең тұтып.
Қонғалы тұр бақ құсы,
Кергисің нені сен күтіп?!
***
Меншігім болса бар әлем,
Алдыңа сый қып салар ем.
Ешнәрсе өзіме тілемей,
Құлың боп соңғы қалар ем.
Н.ғ.: ...ұнады деп ойлаймын...маған ұнайды))