Жасыл алаңда жантәсілім еткендер.

Жасыл алаңда жантәсілім еткендер.
жеке
блог

Сырт көзге еш қауіпсіз көрінгенімен, кез-келген мамандықтың белігіл бір жүйеде қауіпі бар. Мейлі ол өрт сөндіруші болсын, мейлі ол қарапайым егінші болсын. Бұл аяқ доп шеберлеріне де жат құбылыс емес.

Шынтуайтына келгенде, біз қазақтар, әлі күнге дейін футболды мамандық көрмейміз, санамаймыз. Бұл аламан додадан алшақ, таяз ойлайтындардың пікірі деп білемін. Сөз еткелі отырғаным бұл емес.

Кез-келген ойыншының өмірі тосын сый мен қауіп-қатерге толы. Ауыр жарақат алады, дертке шалдығады. Әсіресе, айықпас ауыр жарақат футболшы үшін үлкен соққы екені даусыз. Бірақ, бұдан да сорақысы бар. Жасыл алаңда жан тапсыру. Соңғы кезде аяқ доп шеберлерінің алаңда көз жұмуы жиілеп кеткендей. Өкініштісі, ажал аузына іліккендердің басым бөлігі дерлік жас ойыншылар. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын Италия сериясында ойнайтын Морозинидің аяқастынан келген ажалы тек «кәрі құрлықты» емес, әлем футболшылары мен жер жүзіндегі жанкүйерлердің қабырғасын қайыстырған болатын. Итальяндық ойыншы алаңда есін жимастан бақилық болған. Ал, 23 жасар Ален Палич былтыр Пуланың жастар құрамасына қарсы жолдастық кездесуде жүрегі сыр беріп, ауруханаға жетпей қаза тапты. Ең ауыр ажалдың бірі шотландиялық капитанның басынан өтті. Фил О’Доннелл Дандиге қарсы ойында жеңіс голын соқты. Бірақ бұл голдың қайтарымы қымбат болды. Гол соға салысымен, өзін жайсыз сезініп, ес-түссіз өмірімен қош айтысты. Шотландиялықтың орындауындағы бұл соңғы гол екенін кім білген?

Максим Белый болса, миындағы ісіктің зардабынан ажал аузына небәрі 23 жасында іліккен. 2007 жыл «қызыл сойқандарға» қайғы әкелді. Жарық жұлдыз Севилья мен Испания құрамасының ойыншысының Хетафеге қарсы ойында жүрегі тоқтап қалған. Антонио Пуэртоге деген құрмет ретінде үлкен шараларда аты аталып, Антонионы еске алу кештері өткен болатын. Иә, айта берсек шегі жоқ. Алпыстан астам ойыншы жасыл алаңда жантәсілім еткен екен. Қыршын кеткен футболшылар қашан да ел есінде, мәңгі жүрегінде. Жасыл алаңда көз жұмғандардың жаны жәннатта болсын!