Түнгі сарын маза бермей жүрекке,
Бұлтқа айналып, жоқ болады түнекке.
Мың жыл тұтса дәмі кетпес жырларың
Айналғандай қуат берер тірекке.
Арыстандай айбаттанып кетемін,
Жолбарысша мақсатыма жетемін.
Жас өренге жігер берген жырлардан
Сусындаумен биіктерге жетемін.
Абадандықпен жазықсыз оққа қағылған,
Өлара шақта халқы деп қаны ағылған.
Өзіне деген шынайы көңіл құрметпен
Жас дүрмегін жырдан алқа тағынған.
Жастарға деп сыр шертетін өлеңнен,
Болашақтың жарқындығын көремін.
Қайрат,Асан,Ләзаттар жалғаған
Ақын сөзі “мен жастарға сенемін”.
Көк туымыз желбірейді аспанда,
Қол созамыз, арман қуып асқарға.
Өзіңіздей бір туатын жан барда
Күш береді жалынды сөз жастарға.
Тор темірде телмірсең де жазықсыз,
Мәңгі өшпейтін жырларыңды жазыпсыз.
Алты алаштың айбыны боп ардақты
Найзағайдай намыс от боп жаныпсыз.
Еркелеген ақыны едің еліңнің,
Ақиқатты тарихқа айтып төгілдің.
Шындық шыңы шырылдаған шақтарда
Айта алмастан абақты да егілдің.
Қаршығадай қайсарланып самғадың,
Ғасыр көшін өлеңменен жалғадың.
Атты, асты зиялыны сол заман
Қазағымның қалқып алып қаймағын.
Ұшқыр ойын жастарыңның тұмары,
Табиғат боп мөлдір өлең тұнады.
Қаршығаны иығына қондырып
Ескерткішің мәңгілікке тұрады.