Статистикалық мәліметтерге сүйенсек табысқа жетушілердің 32% артығы мүлдемге кедей отбасынан шыққандар екен.
Сіз кедейлікті мақтан көріп, оны ақтап отыр деп қалмаңыз. Әсте олай емес. Мейілінше кедей болмауға тырысыңыз. Еурей жұртының: «Ақылды болсаң неге кедейсің?» деген нақылы бар. Ендеше, кедей болып ақылыңыз болмаса, сіздің осынау күндері бастан өткізген ащы тәжірибелеріңіз болашақ өміріңізге ес қатпаса онда сіз нағыз тақыр кедейдің өзі болғаныңыз. Сіздің ішкі қуатыңыз өзіңіздегі орасан зор күшке тамыздық болуы тиіс.
Кедейлік тек қазыналық жақтан өлшенбейді. Ол қоғамдық қарым-қатынас, кісінің өзінің құлшынуы тектес жақтардан да бағаланады. Сіздің осы байлықтарыңызға жастық шақтағы жоқшылық қамшы болсын.
Кедейліктен қорықпау керек. Қазақта «күшігінде таланып қалған» деген жаман тіркес бар. Ол , әрине, жасық, жігерсіз адамдарға қарата айтылған. Кедейлікке кейіс қосылмасын, онда басқалар сізден аулақ жүруге тырысады. Кедейлікке бейғамдық қосылмасын, онда ата-бабан қалған бүкіл шарт-жағдайдан айырылып қаласыз. Кедейлікке мәдениетсіздік қосылмасын, онда сізге барлық дүние кедергі болады. Жыртық тоныңды тастама, ол өткен күннің болмысын есіңе салып тұрады.
Бастысы, Жастық шақтағы кедейлік қорқынышты емес.