Жастығының құпиясы
блог
Адам сенгісіз бұл жайт 1961 жылы орын алған. Хелен Торрестейн ол кезде 32 жаста болды. Ол пәтер жөндеу жұмысымен айналысып жүрген. Абайсызда аяғы тайып, басынан қатты соққы алған оны ессіз жатқан күйінде жедел ауруханаға жеткізеді. Арада 4 ай өтеді. Бірақ науқастың жағдайы сол қалпында қала береді. Кейіннен оны жеке клиникаға аударады. Мұнда ол ұзақ жылдар бойы комада жатады.
Бұл жағдай орын алған тұста оның қлы Чип 15 жаста, қызы Тельма сегізде болған. Жұбайы Чарльз балаларымен емханаға үнемі келіп тұрды. Десе де, арада бірнеше жыл өткеннен кейін олардың да үміті үзіле бастайды.
Алайда дәрігерлер үшін мына жағдай аса қызықты болды: әйелден қартаю белгілері байқалмаған. Уақыт ол үшін тоқтап қалғандай. Хелен төсекте қанша жыл жатса да, 1961 жылғы жастық бейнесін еш жоғалтпады. Ал оның балалары есейіп, енді өз балаларын асырап отырды. Ал олардың анасы сырттай еш өзгермеген, бұрынғыша әдемі де тартымды күйінде қалдыы.
1996 жылдың ақпаны...Чарльз Торрестейнге емханадан әйелініңі ессін жиғаны туралы хабар келді. Балаларын алып, дереу жетті. Херен толыққанды өзіне келіп, комадан шыққан. ..бірақ... ешкімді де танымады. Хелен өз отбасымен қайта танысуына тура келді. Себебі, ол өзініің ауруы да, қанша жыл өткені жайлы да бейхабар еді.
Хелен жуырда ауруханадан шығып, жаңа өмірге бейімделе бастайды. Бұл – ол үшін қиынға соқты. Қазір Чарльз 70, ұлы 50, ал қызы 43 жаста. Араға 35 жыл салып, Хелен немерелерін де алғащ рет көріп отыр. Хелен ханымға жаңа өмірге қайта оралу үшін ұзақ уақыт қажет болды. Сырттай әйел өз балаларынан да жас көрінеді. Басқаларға үйреншікті әдетке айналған дүниелерді оған қабылдап, үйрену де ауыр соқты (компьютер, видео, т.б.) дегенмен Хелен қазір бақытты – оның қасында күйеуі, сүйікті балалары мен немерелері бар.