Жастарымыз аман болсын!

Жастарымыз аман болсын!
жеке
блог

Жақында ғана қазақ журналистикасы  сабағында дебат өткізілді.Дебаттың басты мәселесі қазақ жігіттері неге отбасы құрмайды?Бұл сұрақтың болашақ журналистерімізді қатты толғандырғаны көрінгенімен кесіп жауап бере салу қиынға соқты.Қыздар көп, неге жігіттеріміз үйленбейді?Нақты жауап бере салу қиын әриене.Терең түсініп сарапқа салғанымыз дұрыс болар.Журналистеріміздің  статистикаға сүйенсек бір жігітке сегіз қыздан.Бір жігітке сегіз қызды әкеліп лайықты жар болатын қызды таңда дей алмаймыз.Бұл өмір.Шешімі шектеусіз,жауабы табылмас мәселе.Мәселен өзіміздің ағаларымызды алып қарайық.Айтатындары дұрыс қыз жоқ немесе аяғыма тұрып алайын сосын бола жатар.Біраз жігіттеріміз бойдақтықпен қоштаса алмай жүреді.Мұны тіпті той үстіндегі асабаның айтқан әзілдерінен,күйеу жігіттің түрінен байқауға болады.Ендігі бір жігіттеріміз болашақ жарларының бай жерден болып,қалтасында ақшасы,астында көлігі,басында баспанасы болғанын қалайды.Мұны олардің сөзімен айтқанда болашақ жарыма қойылған талап десем артық болмас .Сонда қазақ жігіттері күшік күйеу болғаныма?Әйелінің мойнына мініп алған жігіт өзінің ер азаматтық тұлғасына сай болама?Егер әрбір ер азамат осындай қылықтарымен көрінсе отбасын асырап ардақты әке атану жайына қалмайма?Көпке бірдей топырақ шашқаным дұрыс болмас,сонда да осындай жігіттеріміз арамызда баршылық.Сондықтан қыздар өмірде екі нәрсе таңдауда қателеспеңдер.Біріншісі-мамандық таңдауда,екіншісі-жар таңдауда.Үйлену оңай,үй болу қиын демекші қазіргі жастарымыз дүркіретіп тойды жасап алып арада бір-екі ай өткен соң айырылысып жатады.Сонда олар үшін некенің түкке тұрғысыз қадірі болмағаныма?Бұл жастарымыздың ерте отау құрғандықтарынанба?Айта кететін бір жайт Қазақстанда қыздарымыздың отыз пайызы он сегіз жасқа дейін балалы болады.Яғни елімізде туылған әрбір бесінші сәби  некесіз туылған болып саналады.Сондықтан қыздар ойланайық...Қыз қылығымен сүйкімді демекші қылықты қыздарымыз қазақы мінездерін жоғалтып алмасын.