Жастарға сенім артамыз

Жастарға сенім артамыз
жеке
блог

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті Тимур Кұлыбаев және Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев, ҚР Мәдениет және Спорт вице-министрі Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков және Ұлттық семсерлесу федерациясының президенті Мирболат Әбуовтар іссапармен арнайы Оңтүстік шахарға келіп кетті. 

Алматыға келген іссапарында мәртебелі мырзалар жуырда ғана құрылысысын қайта жөндеп жаңғыртқан Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резерві республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжіне бағыт бұрып, мектептің ішкі тыныс- тірлігімен танысып, өте жоғары баға беріп кетті.

Қонақтар алдымен 25 метірлік су алабы, ойын залы мен 278 орынға арналған жатахана ішін аралап көрді. Сонымен қатар, респбуликада теңдесі жоқ спорттық жаттығу  кешені болып саналатын дзюдо академиясының жұмысын көріп білді. Айтулы академияның ішінде 89 адамға арналған қонақ үй мен 40 адамға арналған асхана және халықаралық барлық талаптарға сай салынған семсерлесу  залдарына да бас сұғып, болашақ жас таланттарға жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесіне жақсы баға берді.

Еске сала кетсек, 2016 жылы республикалық дзюдо федерациясының қолдауымен елімізде тұңғыш рет дзюдо академиясы ашылған болатын. Сол дзюдо академиясы 2017 жылдан бері ол Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резерві республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің игілігіне берілгелі бері шығыс жекепе-жегінен ел мақтанышына айналған жеңімпаз жас балуандарың қатары көбейіп келеді. Негізі,  айтулы мектеп-колледж көп жылдан бері түртсе  тозығы көрінетін шаққа келіп жеткен болатын. Алланың қалауамынен  тарихы тереңен тамыр алған айтулы  спорт мектебіне басшылыққа Сейілхан Қарақов мырза келгелі, мектеп екінші тынысын алғандай құлпырып  сала берді. Мектептің ішіндегі спортшыларға арналған жатахана, спорт залдар мен асханалар жаңа заман ағамына  сай қайта жөндеуден өткзіліп, ерекше  бағасын алды. Жақсы келді –дегенше жарық-келді десеңші –демекші. Өз ісіне іскер,білгір маман жатпай-тұрмай жан-жақтан демеу көздерін тартып, құрылысын қайта жаңғыртып ел көріп риза болатындай жасап бітірді. Ал, осы мектеп ауласында бой көтерген зәулім дзюдо академиясы туралы айтар сөз өзгеше. Бүгінгі күні зәулім спорт кешенде  жаттығатын жасөспірім балуандар толағай табыстарға қол жеткізуде.  Бұл дзюдо академиясы еліміздегі дзюдо күресіне арналған көшбасшы спорт сарайының бірі бірегейі деп айтуға толық негіз бар. Бота балуандарға бар жағдай жасалған. Жасөпірім балуандардың арманы біреу олимпиада асуын бағындыру. Арманы мықты елдің шығар биігі де жарқын болары сөзсіз. Қазақстанның атын әлемге танытқан бірқатар шоқ жұлдыздардың  томағасын сыпырып, қанатын қатайтып шығарып отырған бейне-бір ұстахана іспеттес  айтулы спорт ошағында болған құрметті қонақтар мектеп ұжымының жоғары деңгейде бар талапқа сай тыңғылықты  дайындық жұмысына  көз жеткізіп көңілдері толды.

Қонақтар семсерлесу залында болып, жаңа заман талабына толықтай сай келетін семсерлесуге арналған құрал-саймандар мен жекпе-жек өтетін жолжолақтарын көріп көңілдері толды. Негізі, стандарттық ені 1,5-2м болса, ұзындығы 14 метрге алып жататын жекпе-жек өтетін жолжолақтар халықаралық талаптарға сай жасалғандығы көрініп тұрды. Бұл жерде бар талап толықтай сақталған. Осындай  спортшылар үшін қажетті заттарды алынуына Ұлттық семсерлесу федерациясының президенті Мирболат Әбуовтың қолдау көрсеткен екен. Ұлттық семсерлесу федерациясы  қылыштасатын 6 жолжолақтарын осы мектепке тарту етіпті. Стандартқа сай жасалған семсерлесу жолақтары бүгінгі күні жас нояндарға жақсы жаттығу алаңа болып саналады.  

Кездесу соңында ҰОУ президенті Тимур Құлыбаев  пен Қайрат Боранбаевтар К.Ахметов атындағы мектеп-интернат колледжің қабырғасында дәріс алып жатқан дарында балалараға интерактивті тақталарды сыйға тарту етіп кетті. Сонымен бірге, Тимур Кұлыбаев осы сапар барысында,  споршылардың допинге қарсы зертханасының жұмысымен танысты. Бүгінде аталған ұйым өз талаптарына сай жұмыс жүргізіп WADA лицензиясын қайтару бойынша жұмыс істеп жатыр. ҰОК президенті атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, зертхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда,  Дүниежүзілік Допингке қарсы Агенттік (WADA) ҚР Ұлттық құрама командалардың кешенді ғылыми топтарымен бірлесе жұмыс істеуге аса көңіл бөлу керектігін назарға алды.

Осылайша, Оңтүстік астанамызға ісспармен арнайы келіп кеткен мәртебелі қонақтар, қазіргі таңда елімізде болып жатқан жаман індетке қарамай, ел спортының болашағы үшін табанды жасаланып жатқан жұмыстарға зор баға беріп, жақсы көңіл-күймен  аттанып кетті.

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ