Алғашқы блогер ретіндегі қадамымды қазақ жастарының арасында белең алған мәселеден бастағым келеді. Бұл ойыммен біреулер келісер, біреулер қарсы болар... Ондай жағдайда әр адам "пікір қалдырамын" десе өз еркі.
Қазіргі уақытта қазақ қоғамындағы жастар үлкен екі топқа бөлінген: оларды "оқитын жастар" және "оқығанды мазақ ететін жастар" деп атауды жөн көрдім.
Оқитын жас деген топқа кіруге әркімнің мүмкіндігі бар. Олар бала кезінен білімге ынтызар болған, немесе бала кезінде ата анасынан қорқып оқығанымен, қазір көкірегін оятуға барынша ынталы. Айта кететін жайт, ЖОО-да оқитындардың барлығы бұл топтың өкілі емес. Бұл топ мүшелерінде бірнеше ерекшеліктер бар: олар кітап оқығанды ұнатады, кейбіреулері қоғамдық іске барынша белсенді қатысудан рақат табады, бизнесс ашуды барлығы дерлік мақсат еткен, өзін өзі дамыту өмірлерінің ажырамас бөлігіне айналған, өмірлері амбициядан тұрады. Бұдан өзге де ерекшеліктері жеткілікті.
Екінші қоғамдық топ. Олар бірінші топтың өкілдерін "оқымысты","ботаник" сынды сөздермен байланыстырады. Көзге бірден айқын көрінетін ерекшеліктері: ер балалары көше бандиттеріне еліктегенді әдетке айналдырған, қыздары "сүйдім-күйдімге" құмар; қоғам болашағына деген өздерінің айқын көзқарастары қалыптаспаған, амбициясы таяз. Вконтакте желісіндегі "Есьже Я Приезжий " тобынан осы қоғамның бөлігін бірден кездестіруге болады.
Бұл құбылысқа не себеп? Мемлекет өзіне қажетті еңбек класстарын жікке бөлу үшін әдейі осыған алып келетін саясат жүргізеді ме? Әлде... Шет елдердің қоғамды теледидар және интернет арқылы улауы ма? Немесе жай ғана табиғи құбылыс па? Өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер...?