Жастардың кітап оқымауына ғаламтор кінәлі ме?Әлде жастардың жалқаулығы себепші ме?
блог
Кітап - білім бұлағы. Сол бұлақтан су ішкен сайын шөліміз басылады. Кітап та солай, адам қаншама көп кітап оқыса, білім нәрімен сонша сусындалады. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтан артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік" деген екен Ғабит Мүсірепов. Адам бар білгенін кітапқа жазады, білмегенін кітаптан алады. Десек те, қазіргі қоғамда халықтың көп бөлігі, кітаптың көмегіне емес, ғаламтордың көмегіне халықтың басым көпшілігі жүгінеді.
Көркем әдеби шығарманы қолына алып,оқып жүрген адамдар саны да,яғни халық саны да бірте-бірте азаюда.Кітаптың орнын қазіргі заман ағымындағы заманауи озық техникалар,атап айтсақ:компьютер,смартфон,айпад,планшеттер басуда .Қазіргі адамдар қызмет орнында да,үйде де компьютермен жұмыс істей береді.Ғаламтордың өмірімізге кеңінен енгені соншалықты,қазіргі жеткіншектердің көбісі таңнаң атысынан,кештің батысына дейін ұялы телефонға телміре қарап отырады.Ғаламтор-олардың тәрбиешісі.Жұмыс басты ата-ана балаларына көңіл бөлуден қалды.Ғаламтор тек жақсы қасиеттерге үйретпейді,әрине,зиянды жақтары да көп дүние.Жасөспірімдердің көп бөлігі кітап оқып,өз ойын қорытудың орнына,ғаламторға кіріп даяр дүниені көшіріп алуға әбден дағдыланған.Бұл әрине адамның өз бетінше ойлап ізденуіне,ойын әрі қарай дамытуына кедергісін келтіреді.Егери әрбір ата-ана баласына жіті көңіл бөліп,ғаламторды пайдалануына белгілі бір шек қойып қадағаласа,көркем әдебиет оқырманынң саны да артады деген ойдамын.
"Өзіңді танығың келсе кітап оқы,өзгені танығың келсе кітап оқы"деген екен Расул Ғамзатов.Кітаппен дос болған адамның ой өрісі кең,сөз мәдениеті жоғары,саналы,жан -жақты адам болып қалыптасары анық.