Жастардың арманын орындаған - ҚазҰУ

Қазақ ұлттық университеті - ұлы елдің, текті ұлттың жетекші оқу орны. 1934 жылы құрылған қара шаңырақ осы уақытқа дейін көптеген ғалымдар мен жазушыларды дайындап, білім нәрімен сусындатты.Бүгінгі таңда ҚазҰУ түлектері белгілі академиктер, сонымен қатар көптеген министрлер, әкімдер, топ-менеджерлер, парламент мүшелері және тағы басқа мамандық иелері.

ҚазҰУ – жастардың мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін алтын көпір. ҚазҰУ – жетістікке апарар жол. Бұл оқу орны алдыңғы қатарлы дамыған елдердегі жоғарғы оқу орындарымен терезесі тең білім ордасы. ҚазҰУ – жас көшбасшылар мектебі. Университет қабырғасында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары мен кәсіподақтары, әлеуметтік-әріптестік қағидасы негізінде қызмет атқарады.

ҚазҰУ-ға келген әр студентті дарынды әрі білімді деп айта алмайсыз. Жаңа оқу жылын жаңа таныстармен бастағаныммен, кейін келе кімнің кім екені айқындала бастады, тіпті оқу үрдісіне ілесе алмай, шеттеп қалып аулына қайтып жатқандар да болды. Мені толғандырған тағы бір жәйт: өзіміз қазақ бөлімінде оқып жүрсек те, көптеген сабақ материалдарын тек орыс тілді кітаптардан ғана табамыз, қазақша кітап қоры жетіспейді, бар болса да, ұлттық кітапханада іздеугет тура келеді. Менің басты үмітім мынау салынып жатқан милиондаған кітап қоры бар электронды кітапхана көңілімізді тоқ етер деген ойдамын.

Қалай десем де, ҚазҰУ-мен мақтанамын, тіпті халыққа танымал болып жүрген азаматтарды біздің түлегімз деп естігенде, көңілім көтеріліп, бір марқайып қалатыным бар.

 



Бөлісу: