Отбасы – адам өміріндегі ең басты және өте маңызды ортасы, ыстық ұясы. Отбасы – баланың адам болып қалыптасуының негізі және сол себепті ата-ананың бала алдындағы және бір-біріне деген жауапкершілігі шексіз.
Қазіргі таңда отбасы құрған жастар көп, алайда ажырасқандар саны да аз емес. Некеде бір-екі жыл тұрып, бір-бірінің мінез-құлқын көтере алмай, бірін-бірі түсінбей, қолдамай, ажырасу жалғыз да дұрыс шешім деп есептейді. Менің ойымша, жастар үйленер алдында бір-бірінің мінез-құлқын жақсы танып, бір-екі ай емес, бір-екі жыл қарым-қатынас құрып, өз махаббаттарының шынайы екеніне көз жеткізгенде ғана үйлену деген жауапты қадамға бару керек. Сонымен қатар, келешегін кішкене болса да жоспарлап, мақсаттарын айқындап, тұратын жер тапқаннан кейін сенімді іс-әрекет жасау қажет.
Алайда, ажырасудың басқа да бір себебі-ол баспанаға тапшылық. Көп жас отбасылар қаражат жетіспегендіктен туындайтын қиындықтарға төзе алмайды. «Баланы қалай асыраймыз? Асырай алмасақ ше? Қайда тұрамыз?» деген сұрақтар өмірді көрмеген жастардың ойларына қорқыныш ұялатады. Менің ойымша үкімет тарапынан көмек жөнді түрде көрсетілсе, ол көмек отбасыға жақсы тірек болар еді. Бірақ қазіргі кездегі баспанаға кезек өте баяу жүреді. Сол кезекті тездетсе, жылдамдатся көптеген жас отбасылар шаңырақтарын құрып, отбасы санын көбейтуге қорықпас еді. Демек, Қазақстанның халқы саны да жуық арада артушы еді.