2015 жылғы 26 ақпанда Түлкібас аудандық «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастарды жұмыспен қамту, кәсіби даму» тақырыбында «Еркін пікір» дискуссионды клубының отырысы өтті.
Дискуссионды клубтың отырысына Түлкібас аудандық мәслихат депутаттары Қошқаров Марат Ергешбекұлы, Қасымбек Сәтбай Нұрлыбайұлы, Әмірбеков Нұрлан Темірбекұлы, аудандық жұмыспен қамту орталығының өкілі Нұржанов Аслан, «Нұр Отан» партиясының Түлкібас аудандық филиалының партиялық бақылау коммиссиясының төраға орынбасары Нарымбетов Даулет, Түлкібас аудандық «Жас Отан» жастар қанатының Атқарушы хатшысы Ергебеков Мұрат қатысты. Кездесуге Түлкібас аудандық агробизнес және туризм колледжінің студенттері белсенді қатысты.
Түлкібас аудандық мәслихат депутаты Қасымбек Сәтбай:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 1672 адам жұмыс іздеп хабарласып, бөлімінің ықпалымен 1087 адам жұмысқа орналасты.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы 81 азаматқа өз ісін ашуға 255 млн. 900 мың теңге көлемінде несие беріліп, 95 азамат кәсіпкерлік негіздерін оқуға жолданды және оқу орнын бітірген 73 жұмыссыз жас «Жастар практикасына» жолданып, практика соңынан 66 жас тұрақты жұмысқа орналасты.
Түлкібас аудандық «Жас Отан» жастар қанатының Атқарушы хатшысы Ергебеков Мұрат Жастарды кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастарды өзі басқаратын аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына «Кәсіпкерлік негіздерін» оқуға шақырды. Орталықта жастар «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша консультация алуға мүмкіндік барын айтты.
Дискуссионды клубтың отырысының қорытындысы бойынша жастар өз кәсібін ашу, жұмысқа тұру т.с.с сұрақтарына жауап алды. Аға буын өкілдері жастарды «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясатын іске асыруда белсенді болуға шақырды.