Жастарды жамандамаңыздар!

Жастарды жамандамаңыздар!
жеке
блог

 Өз қатемізді мойындай білеміз бе?

   Кейде байқамағанымызбен "менің істегенімді қалай қате деді ол, менікі дұрыс қой? Мен үйттім сүйттім, ол қателеседі. Маған барібір, менікі дұрыс!" деген дауыстарды жиі байқаймыз. Тіпті кейде өзіміздің де осылай айтатын сәттеріміз болады. ал осы қылығымыз дұрыс па? соған бір сәт назар аударып көрейікші. Шын мәнінде Алла жаратқан пенделер өзімізді қатты жақсы көреміз-ау шіркін! Өзіміді жамандыққа қимай, мінімізді көргіміз келмей тұрады. Бұл ең нашар қасиеттердің бірі. Айналамызға түсіністікпен қарайтын заманға жеттік қой. Әр қайсысымыз жеке тұлғамыз. Оқып тоқыған үлкен азамат пен азаматшалармыз. Бар қатені жұрттан көре бермей бір сәт өзімізден іздеп көрейік. Қасыңызда жолдасыңыздың істеп тұрғанын аңғарсаңыз оғанда ескертіңіз. Әрбір жайтты сабақ ретінде қабылдап өзімізді-өзіміз тәрбиелейік. қашанға дейін "Қазіргі жастар жаман" деген лақап сөзді естіп жүре береміз. Біздің қолымыздан әлі ақ талай нәрсе келеді. Жастар жаман емес, жастар жаңа толқын, жаңа қуат, жаңа күш. Ал жастарды жамандап "жоқ айтпадым" деп мойындамайтын аға-әпкелеріме айтарым іштеріңізде "бәрібір солай ғой" деп айтатындарыңыз болса Жастарды көп жамандамаңыздар. жамандаудан ешқашан қоғам да адам да түзелмейді. Қайта көмектесіңіздер бір-біріңізге, қолдаңыздар. Сонда ғана ақылды адам боласыздар. Біздердің, жастардың болашағы өте зор. Жақсы сөз жарым ырыс екенін ұмытпайық...