Мен өзім музыкант болған соң арине музыка жайында жазғым келеді. Нақтырақ айтқанда қазіргі жастардың музыкаға деген талғамы туралы әңгіме қозғамақпын.
Әр адамның күнделікті өмірінде өзінің киген киіміне деген, ішкен асына, адамдарға деген, баратын дүкендеріне, көретін киносына, шұғылданатын спортына, тіпті тыңдайтын музыкасына деген талғамы әрқалай болады. Әрине, әркімнің талғамы әрқалай. Оған дауым жоқ. Десек те, айтқым келетіні, мен көріп жүрген жастардың біразы тыңдап жүрген музыкалары мен үшін төмен дәрежелі сападағы музыка. Бұл жерде төмен дәрежелі деп нені айтамын?! Ең күлкініштісі, алдымен сол әннің орындаушысының музыкалық білімі жоқтығынан өзінің әнін жанды дауыспен, яғни, тірі айта алмауы! Білемін, қазір жақсы аранжировщик болса сізді де әнші қылып жібереді. Онан кейін әннің ары жағындағы жалпы сүйемелдеп тұрған музыкасы өте кедей! Сол баяғы 3-4 аккорд. Мен ондай музыканы 15 секундтан артық тыңдай алмаймын. Нағыз тыңдайтын музыка тірілей ойналып жазылған, әншісі де тірі айта алатын, барынша профессионалды музыка болуы тиіс деп білемін!
Еліміздің әншілерін жекешелеп айтып, көпке топырақ шашып, ешкімді де ренжіткім келмейді. Қазіргі уақытта саны бар сапасы мүлде жоқ әншілер де әндер де бастан асады. Әндердің мазмұны тек махаббат тақырыбында. Айналайын ау!) Мүмкін мен махаббаттан да басқа тақырыпта әндер тыңдағым келетін шығар?!)
Мысалы, біз киім таңдағанда өзімізше материалы жақсы, бағасы қалтаңа тең келетіндей, ең бастысы модаға сай келуін талап етеміз ғой? Сол секілді жастардан музыка жағынан үлкен талап, жақсы талғам болса екен деп армандаймын. Сонда ғана еліміздің үлкен сахналарында нағыз таланттар көбірек шығама деген сенім бар. Себебі, музыка деген біздің өміріміздің бір бөлшегі ғой. Адам баласы өмірге келгенде шілдеханамен келіп, өмірден жоқтаумен озады. Яғни, музыканың өмірімізбен қаншалықты тығыз байланыста екенін көріп отырсыздар. Тіпті, үлкен соғыстарда әскерлерді жігерлендіру үшін арнайы музыка ойнатқан.
Көп нарсені ашып айта алмадым. Біразы көкейімде қалды.
Қазіргі жастардың көзі ашық. Замандастарыма тек жоғарыдағыдай тілегім бар)