Жастар неге шетелге кеткіш?

    Егер сізге «қай елге барғың келеді?», -десе не деп жауап қатасыз? Ілгеріректе ағам «қайда барсам екен», - деп қиялға шомып жататын. Бүгін әркімнің де шекара асып кетуі баладан кәмпит тартып алудан да оңай. Олай дейтініміз ІМ дерегінше жас мөлшері 30 ға дейінгі жастардың 32% шекара шалғайлатуға құмар. Яғни әрбір үшінші адам елден кетеді. Кеткіштердің жан тыныштығын іздеген жерлері кәрі құрлық, АҚШ, Канада, Польша іргелі Ресей мен Қытайың да бар. Жер жаңартам деушілердің басымы Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарынан. Бір сұрақ? Неге? Шетелдік кино, телехикаялар десем күлерсіздер. Дегенмен, 0,02 % болсын әсері жоқ емес. Қош делік. Негізгі факторларға көшелік.  Жалақы. Ұлыбританиялық мұғалімдердің орташа жалақысы 3 мың фунт стерлинг. Қазақ теңгесіне шаққанда бұл 1 500 000 теңге. Айлықтың 10% мен пәтер жалдап тұра алады. Енді Қазақстандағы мұғалімдердің айлығын айтсақ анекдот тәрізді естілер. Орташа жалақы артығымен 100 000 делік. Әйтпегенде 100 000 алып жүргендері де шамалы. Оның 10 % -ын пәтер жалдауға есептеңіз. 10 000 теңге. Алматыдан 10 000 теңгеге пәтер тауып беріңізші. Бір бөлмелінің құнының өзі 80 мың. Қалған 20 000 –ға киім, ішіп-жерің, жол жүрісің қысқсы ары қарай есептеудің өзі қорқынышты. Түйін, баспана мен жалақының мардымсыздығы. Бұл бір. «Түйіндемей тұрсаңыз қайтеді, 7.20.25 бағдарламасы ше?» ,- деген қарсы пікіріңіз болар бәлкім. Бұл өзекті, ауыр тақырыпты мемлекет қараусыз қалдырған жоқ. Болашақ, 7.20.25 сынды жастарды алдаусыратудың, алдаусырату дегенге келмес, бізге тиімді бағдарламаларды іске қосты. Болашақпен барғандардың 5%-ы барған жерлеріне судай сіңіп, тастай батыпты. Бұл бірнеше млрд теңгенің желге кеткенін есептемегенде жақсы дүние. Келіп елге қызмет ететіндері 95 %. Жақсы, жалпы жастарды емес, осы  «болашақпен» келгендерді ғана есептейік. Шет елден тіл біліп келді. Үйі-күйі жоқ. Ол мұғалім, жалақысы 100 000 теңге. 7.20.25 пен үй алмақшы. 15 000 000 теңгеге үй тапты. 20 % -ы 3 000 000 теңге. Қалған 12 000 000 теңгені 25 жылға 7% -бен есептеп береді. Сонда айына шамамен 85 000 теңге құю керек. Қайта айналып жоғарыдағы мәселеге шырмалдық. Бұны екі деп қойңыз.Үшінші. Төрт  қазақ ағылшынша жетік білсе екеуі тіпті үшеуі кеткісі келіп-ақ тұрады. Қалам дейтін біреуі нағыз «жанкешті» ел сүйгені болмаса шаршағанда ол да тайып тұрады. Шетелде 5 000 000 қандасымыз бар. Олардың өз жерінде көсіліп жүргісі келмейді дейсіз бе? Қашанғы күтпек? Қашан ел ауқаты көтеріліп, экономика жүйріктей желмек? Қашан жемқорлық тоқтап, оқу орындарының сапасы көтерілмек? Одан қала берді «оралман» деген тұмарды өз жерінде кім тағып жүргісі келеді? Артық айтқандық болмас, қай жылдары түкке жарамаған  «картон»  әскери көліктің біреуін 28 000 000 теңгеге  сатып алғанша қыруар қаржыны білім, ғылымға жұмсаған анағұрлым пайдалы емес пе? Әмбе мына заманда қайдағы соғыс, мақұл, ел қорғансыз болмас, қаржыны жас ғалымдар мен өнертапқыштарға аямай берсе , арамыздан біріміз болсын мықты қару, көлік ойлап тапса сол ақшаға әсери көлік бола ма, танк бола ма мыңын шығармай ма?! Кімнің тарысы піссе соның тауығы болады деген  сөз бар. Американың шашарлық дәні көп. Шетелге кеткен тауықтарды қайтару үшін, өз жерімізге дән себу керек. Әуелі мемлекет ескеріп дән сепсе, оны көрген қыран көзді, ойы тұнық, саналы азаматтар елге қызмет етпейді деуіміз бері айтқанда қателік, ары айтқанда күнә.Ағамды ордалы жерден орын, жолсыз жерден жол тауып АҚШ, Канада, Қытай елдеріне шақырушы достары бас бармақпен көрсеткенде кеңірдектен тартып артылады. Солардың бірі Саяхат Берісқажыұлы.  Қазір Америка төрінде постдок қызметін атқара жүріп айына 10 000$ жалақы алады. Үй-ішін жиып теріп АҚШ-ты тұрақты мекен етті. Қазақстадағы таныстарын да бай-қуатты болуға жанына шақырады.  Байқасаңыз жастар мұң шақпайды. Өз елі тақыр болса, өзге елден бақыр іздеп кете бергенді құп көреді. Біреуге жеккөрінішті болып, үкіметті жамандап, елін жеккөріп жатқан ешбірі жоқ. Тірсегінен тұсауланып, ауызда ноқталанға заман емес. Қалаған елінде түтін түтетіп, оқып шамына шырақ жағып жүр. Кете алмаған жоғарғы буын өкілдері мұңын үкіметке артады. Көтеріліс жасайтындары да, қоғамда дау туғызатындары да шарасыздықтарынан. Қорыта айтқанда бұл факторлар мен үдеріс әлемнің қай елінде болмасын қозғалған оқиға. Тек олар күрмеуі қиын есептің формуласын таба білді. Еліміз бұл шырғалаңға бей-жай қарап отыр деуге келмес. Тек әлі де қарқынды жұмыстар керек. Ел ауқаты түзелсе, мемлекеттің де жағдайы жақсаратыны мәлім. Қайтсек Саяхаттарды елге қайтарамыз?

             



Бөлісу: