Жастар неге қызығады?
блог
Жастардың дұрыс дүниені бағалай біліп жүргендеріне қуаныштымын. Өмір атты ұзақ жолда тек тек миымыз бен жүрегімізді ғана бай әшекей "бұйымдарға" орауымыз керек сияқты.
Бүгінгі таңда байлық қымбат үй немесе көлікпен өлшенбейді. Барша елдің жастары оларды сатып алғысы да келмейді. «Мұның сыры неде деп?» көп ойланған Батыс ғалымдары ауқымды зерттеу жүргізген екен. Зерттеу нәтижесіне сәйкес қазіргі миллениалдар буыны үй мен көлік сатып алмайтындығы анықталған.
Миллениалдар буынын дәл қазір өмір сүріп жатқан 30-35 жастағы адамдар құрайды. Олар айфондарды есепке алмағанда қымбат заттар сатып алмайды. Ал 35 жастағы адамдарды «Жалға берушілер» буыны деп атайды. Бұл атау көбінесе Батыс елдерінде қолданылады.
Бұлай болуының себебі неде? Мұны әлеуметтанушылар жастардың қаржы катаклизміне тап болуымен түсіндіреді. Сол себепті жастар қомақты несие алуға қорқады. Алайда, бұл – басты мәселе емес. Жастардың аға буынға қарағанда құндылықтары өзгеше. Олар үшін табысты болудың маңызы зор.