Бүгінгі жастардың кумирі кім?
Олар қай жұлдызды жоғары бағалайды және не үшін? Осы сұрақтардың жауабын алуға
тырысқанымызда, жауап берушілердің арасынан ең көп дауысқа ие үш жұлдызды атап өтуге
болады. Олар американдық әнші Дженнифер
Лопес, корей актері Ли Мин Хо және өнертапқыш Стив
Джобс. Ендеше, жастардың жауаптарына назар аударайық.
Серікбаева Тоқжан:
Мен Дженнифер Лопестің бойындағы
жан-жақты қасиеттеріне таң қаламын. Нақтырақ айтсам, ол әншілікті де, актерлік өнерін де қатар алып жүр. Оның түскен
фильмдерін көріп, актерлік шеберлігіне тәнті боламын. Сонымен қатар, әрине, оның
түр сипаты, дене бітімі өте ұнайды. Толық
есімі Дженнифер Линн Лопес немесе қысқаша Джей Ло деп атайды. Бүгінгі күннің өзінде оның жасы қырықтың
айналасында болғанымен, ол осы уақытқа дейін (19690724)американдық актриса, әнші, биші, модельер, продюсер және «бизнес-вумен». Оның еңбегі еленіп, түрлі
марапаттарға ие болған. Атап айтсақ, екі «Грэмми» номинациясын жеңіп алған. Дүниежүзі
бойынша оның 55 миллион альбомы сатылған. Осыдан-ақ, оның жанкүйерлерінің
айтарлықтай көп екенін білуге болады. Ол жастайынан қарапайым отбасында тәрбиеленген. 1990 жылдары оның бағы жана бастады. Алғаш
рет ол көгілдір экраннан «Менің отбасым» фильмінен көрінді. Дженнифердің 2002
жылы жарық көрген альбомы Гиннестің Рекордтар кітабынан өз орнын алды.
Төлегенова Бибінұр:
Стив Джобс-(толық есімі Стивен Пол Джобс) кәсіпкер, Apple, NeXT
және Pixar
компанияларының негізін қалаушы. Ол қазіргі жастардың барлығы жақсы көретін
Iphone, Ipad құрылғыларды ойлап тапқан өнертапқыш. Стив өзінің жетістіктері үшін
«Технология және инновация саласы бойынша АҚШ-тың Ұлттық алқасымен»,
«Джефферсон» премиясымен марапатталған. Оны ел арасында «Сандық революцияның
атасы» деп те атайды. Оның жетістігіне қызыққандарға Карен Блюментальдың «Стив
Джобс. Ерекше ойлаған адам» кітабын оқуға кеңес беремін. Стив Джобс өмірінің соңында
қатты науқастанып, дүниеден озады. Дегенмен, оның есімі тарихта мәңгі қалатынына
сенімдімін.
ДайындаҒан: Шаттық
Ашықбаева