Жастар кәсіпкерлігін дамытуда жаңа серпін қажет...

Қазақстан жастарының проблемалары, шын мәнінде осы заманғы жас ұрпақтың проблемаларын ғана емес, бүкіл қоғамның міндеттерін де қамтитыны белгілі.  Осы арада жас ұрпақтың ең басты проблемасы – оның материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі көзге ілінеді. Жас буын Қазақстанның осы замаңғы шынайы тұлғасы мен жүргізіліп отырған жастар саясатына байланысты өзіндік сыпатты ие болып отыр. Жастар отбасын құрады, сәбилерді дүниеге әкеледі, жаңа ғана еңбек жолын бастаған жас мамандардың тұрғын үй сатып алып, оны жасандыруға тіпті екі-үш айлық жалақысы да жетпейді...

Мейлінше дені сау және еңбекке жарамды, тепсе темір үзетін жастарға жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер төлеудің орнына, оларға тек өздерінің білімін, қабілеті мен мүмкіндіктерін өздерінің отбасылары мен мемлекет игілігиіне тиімділікпен жұмсауына мүмкіндік берген маңыздырақ. Мемлекет мүмкіндіктердің мұндай кең көлімін кәсіпкерлікте ұсына алады айта аламыз. Кәсіпкерлер де өз тарапынан осындай мұмкіндіктерді жастардың өз бизнесін жасауға тарту, өзін-өзі танытуға тарту мүмкіндігінің қажеттілігі керек. Сонымен бірге, жаңа кәсіпорындар жұмыс істеуге машықтанған жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасайды. Амал қанша, мұндай жауапкершілікті өзіне алуға әзір емес, бірақ қиналмай-ақ «жоғары жалақы» алуды көздейтін жастар да аз емес...

Жақында Парламент қол палатасының оқылымында қабылданған жаңа «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң жобасында да жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жағдай жасау мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыты ретінде белгіленген және осы жаңа Заң жобасының қазіргі қолданыстағы Заңымыздан бір қадам іргеріленгені байқалады. Өйткені бұл Заң жобасында маңызды нормалар енді. Ол бірінші кезекте жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері жөнінде уәкілетті органның құзыреті белгіленген. Бұл дегеніміз енді Ұлттық экономика министрлігі осы сала бойынша кешенді бағдарламалар әзірлеуі тиіс.

Статистика комитетінің деректеріне сәйкес 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 2014 жылы 4 млн 300 мың адамды құрады, яғни халықтың 25 пайыздан астамы. Соның ішінде 55 пайызы қалада, 45 пайызы ауылда шоғырланған. Бұл үлкен потенциал!

Елімізде жастар арасында жұмыссыздық 4,6 пайыз деңгейінде деп көрсетілген, алайда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар санын қоса алғанда 700 мыңнан асып жығылады.

Мемлекетімізде кәсіпкерлік саласын қолдауға байланысты көптеген бағдарламалар жұмыс жасайды, бірақ жастар кәсіпкерлігі саласы бойынша «Даму» қорының ғана арнайы бағдарламаларында нақты механизмдер белгіленген. Болашақта басқа да ірі қаржы институттар «КазАгро» секілді ірі субъектілер осы салада арнайы бағдарламалар әзірлеуін талап етеміз.

 

Жастар арасында кәсіпкерліктің әлсіз дамуының себебін түсіндіретін факторлар мен проблемалардың бүгінгі күні айқын, олар: біріншісі, жастар арасында бизнес білімінің жеткіліксіздігі және мемлекеттік бағдарламаларға ақпараттық қолдаудың тиімсіздігі, екіншісі, тәжірибенің жеткіліксіздігі, үшіншісі, ең негізгі проблема бұл жастар арасындағы жобаларды қаржыландыру мәселесі болып табылады.

Осы орайда «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Жастар кәсіпкерлігін қолдау қоры» қоғамдық қоры сауалнамалар, жастармен кездесулерде, заңгерлер, экономистер мен бизнесмендердің сарапшылық пікірлері негізінде қалыптасқан бір қатар шараларды ұсынады:

1) Заңнамада «жас кәсіпкер» ұғымы әлі күнге дейін енбеген, ол өз кезегінде еліміздегі жас кәсіпкерлер есебін жүргізуге кедергісін тигізуде. Соған сәйкес Ұлттық экономика министрлігіне 2016  жылдан бастап қызығушылық танытқан тараптардың қатысуымен жұмыс тобын жасақтап арнайы статистикалық есеп парақшасын әзірлеуді ұсынып жатырмыз.

2) Жұмыссыз жастарға және бизнесін жаңа бастаған жас азаматтарға арналған кәсіпкерлік жөнінде білім беру мен нарыққа қажетті мамандықтарға оқыту бойынша  бағытталған BASTAU деп аталатын бизнес-мектебі жобасы жұмысын бастады. Осы пилоттық бағдарлама аясында қазіргі таңда Астана қаласында 200ге жуық жас азамат дәріс алуда. Бизнес мектебінің ауқымы келешекте бүкіл аймақтарды қамтуды жоспарлап отыр. Жылына бір аймақтан кемінде мың жас азамат (соның ішінде 30 пайызы бизнес ашады, 50 пайызы жұмысқа орналасады) қамтылады, яғни барлық аймақтан 16 мың. азамат осы мектепте тәмәмданады деп күтілуде.

Бұл бағдарламаның басқа бағдарламалардан ерекшелігі:

- оқу мерзімі 3 айға созылады;

- оқу процесін аяқтаған қатысушылар жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ия болады;

- тыңдаушылар өзінің бизнес-жоспарына қаржыландыру көздері ұсынылады;

- тыңдаушылар ЖК, ЖШС ашуын қамтамасыз етеді.

3) Мектеп оқушыларына кәсіпкерллікке бейімдейтін SAGE халықаралық бағдарламасын енгізу бойынша Білім министрлігімен шаралар атқарылуда. Бұл жаһандық тұрғыдан ойлайтын бизнес-көшбасшылардың жаңа буыны қалыптасуына және олардың әлемдік бизнес-қоғамдастыққа интеграциясына септесетін коммерциялық емес, халықаралық білім беру бағдарламасы. Қазіргі таңда жоба пилоттық негізде 5 аймақта іске асырылуда. Жобаның міндеті Қазақстан аумағындағы барлық мектептерге енгізу.

4) Жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге бизнес кеңселерді жалға алу бірқатар қыйындықтар туғызады. Ол жалға алу құнымен қатар, компьютер, принтер, факс, телефон орнату, интернет т.б. шығындарды ескеруге тура келеді. Осыған сәйкес пилоттық жоба негізінде Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық универсиеті жанынан жастар бизнес инкубаторын ашу әзірленуде. Бизнес-инкубатордың  басты мақсаты - жастар арасындағы кәсіпкерлікті қолдау мен бизнеске оқыту, бітіруші студенттердің, университет оқытушылары арасында іскерлік қатынастарды дамыту.

5) Бизнесті жаңа бастаушылар үшін пәлімгерлік/менторлық институтын жасап, дамыту және жетілдіру (бұл арада жұмысы ойдағыдай алға басқан тәлімгер-кәсіпкер істі жаңа бастаған бизнесменнің жобасына сараптама жасап қоймайды, оны өз бақылауына, қанатының астына алып, жобасын жүзеге асыруға көмектеседі, ойдағыдай нәтижеге жеткенше қолқабыс жасайды). Мемлекеттік кәсіпорындарды студенттер үшін практика ретінде ұйымдастыруға болады, жас кәсіпкерлер нақты жобаларын кәсіпорынның өндірістік үрдістерінде жүзеге асырған болар еді. Қазіргі таңда менторлардың клубын құру әзірленуде. Гранттар бойынша инвесторлар мен әріптестер іздестіру мүмкінділігі, мемлекеттік қолдау, заңнамалар шығармашылығы, мемлекеттік сатыпалулар (тәжірибе, жобалар, қажетті ақпараттар алмасу жөнінде) ақпараттық ресурстар құру, сауда алаңын міндетті түрде құру, жас кәсіпкерлердің қатысуымен инновациялық жобалардың бірыңғай базасын жасау.

6) Жастар кәсіпкерлігіне қатысты барлық заңнамалық құжаттарға сараптама жасалып, қосымша жеңілдіктер мен мүмкіндер шараларын әзірлеп «Даму» қорының «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының                         6 редакциясына өзгеріс ретінде жолдады. Олар берілетін гранттар сомасын 3 млн тенгеде 5 млн тенге көтеру, субсидиялар мен кепілдеме мөлшерін 70 пайыздан 85 пайызға ұлғайту.



Бөлісу: