Жастар жайлы...
блог
Жә, жаңа жазбамда, жеткізбей жүйткісе де, жалғасып жатқан жалғанды жалпағынан жастанған, жалынды жырларын жамағат жұртқа жүректен-жүрекке жеткізіп, жазушылықтың жайлауына жақын жүрген және жайлауда жатып жауһар жырдың жал-жаясын жеген жылы жүзді жастар жайлы жазайын.
Жаһанданудың жағасына жабыса жармасқан жүректі жастарымыз - жасампаздық және жаңарудың - 20(жиырма) жылының жалғасы.
Жастарымыз жан-жағына жалтақтамай, жұмақтай жерін жатсынбай, жан-жағындағы жат жұрттардан жасқанып, жатырқамасын.
Жігерлі, жүректі жастарымыз -"жұлдыздай жанары жарқылдаған" Жамбыл Жабаевтың, "жолбарыстай" Жұмабаевтың жүрген жолын жалғастырушылар.
Жасындай жарқылдаған жастарымызды жаратқан жарылқасын!!!
Жы(Пы).Сы: Жора – жолдас, жақын – жұрағат және журнализмнің жағасына жармасып жүрген жастар, жай жатпай жазылған жаңа жазбаларыма жөнді де жүйелі жазба жайлы ”жалғауларыңызды” жазбаға жалғастыра жаза жүріңіз.