Жастар арасындағы діни сауаттылық

Жастар арасындағы діни сауаттылық
жеке
блог


Дін адамның рухани көрінісі. Діни сауатты жан оны әрдайым ұстап шарттарын орындауға тырысады. Қазір елімізде діни қызығушылық діни практиканың күшейіп жатқандығын байқаймыз. Әсіресі, жастардың қызығушылығы көңіл қуантарлық. Жас буын еліміздегі дін жағынан зайырлылық ұстанатынымызды айқын біледі және басқаларға толеранттылық көрзқараста. Елімізде екі діни бірлестіктің ұстанушылары басқаларынан қарағанда басымырақ. Олар: ислам және христиандық православие діндері. Халқымыздың 70%-ы ислам дінін ұстанса, 26%-ы христиан дінін құрайды. Соңғы уақытта исламға деген қызығушылық жастар арасында қызу тақырып. Осы жерде діннің дұрыс жолда таралуы маңызды өйткені түрлі деструктивті радикалды ағымдардың әсеріне тап болып оның құрығына түскендер қаншама. Өзін дұрыс жолда жүрмін деп санағанның өзінде де әр келген яки оқыған ақпаратты сыни ойлап оған талдау жүргізе білуі керек. Қазіргі заманда сауатты адам деп - әріп танып жаза білетін және оқи алатын адамды емес, оқып жатқан ақпаратына 'не үшін бұны оқып жатырмын' деп рационалды ойлана білетін, ақпаратты мақсатына сай сұрыптайтын адамды айтамыз. Жастарды түрлі мақсатта өз арампиғылды ойларына пайдаланып, олардың болашақтарына балта шауып еліміздің жас буынын қолдануға еш мүмкіндік бермеуіміз тиіс. Ал ол үшін діни сауаттылықты арттырып оларға қарсы санамызда иммунитет қалыптастырған жөн.