ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

22 желтоқсанда 2021 жылы сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және Қазақстан Жастарының Конвенті ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы Оқушылар сарайында Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша бейнероликтер байқауының марапаттау рәсімі ұйымдастарылады.  Бейнероликтер байқауының марапаттау рәсімі 2 номинация бойынша өтеді: 1. «Ең үздік вайн, скеч, пародия, клип, анимациялық бейне, тик-ток» және 2. «Ең жақсы әлеуметтік ролик, бейнеарт, вирустық ролик». Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша бейнероликтер байқауына 76 өтінімдер келіп түсті.

Байқаудың мақсаты нашақорлықтың төмендеуіне әсер ету, салауатты және қауіпсіз өмір салтының басымдықтарын қалыптастыру, нашақорлықпен күрес қауіпсіз шешім екенін түсіндіру, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қолдау, ой-өрісін кеңейту, эстетикалық талғамды, қойылған міндеттерді шешуге шығармашылық көзқарасты дамыту.

Аталған марапаттау рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы өкілдері, Ильиных Сергей Сергеевич – Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қыймыл басқармасының бөлім басшысы, Қойшыбеков Тоқтар Төреханұлы – дәрігер нарколог, психикалық денсаулық орталығының нарколог психиаторы, Абдіғаппар Нияз – режиссер, продюсер, Ақтаев Жандос – «Есірткісіз болашақ»  корпоративтік қорының атқарушы директоры, Мұхамеджанұлы Марат – қоғамдық ұйым жетекшісінің қатысуымен өтті.

Байқауда 1 орынға - Абдиев Шерхан және Гумар Султанбек, 2 орынға - Алиби Мукушев және Бапанова Алтынай, Ахунова Алима, Науша Айдар, 3 орынға - Арман Серикбай, Алижан Байсапар және Бекен Алем, үздік - Назерке Жукина  және Таншолпан Нысанбектер ие болды.

Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушылардан әр номинация бойынша:

1 орын - 300.000 теңге

2 орын - 250.000 теңге

3 орын - 200.000 теңге

арнайы 2 үздік бейнероликке 25 000 тенгеден қаржылай сыйлықтар табысталады.



Бөлісу: