Жасөспірімдер арасындағы суицид
блог
Қазіргі уақытта мектепте буллингтен зардап шегіп, өз-өзіне қол жұмсауға дейін барып жатқан жасөспірімдер саны өте көп.
Статистикаға сүйеніп қарайтын болсақ Қазақстан суицидке жол беруден әлем бойынша алғашқы ондықтың құрамында, ал ТМД(СНГ) елдері бойынша алғашқы орында тұр. 2020 жылы өз-өзіне қол жұмсайтындар саны өткен жылға қарағанда 2,5% - ға артқан. 2019 жылы суицид 7,4% құрап, 4784 адам қол жұмсауға барған. Оның ішінде 180 адам кәмілет жасына толмағандар, яғни, мектеп оқушылары. Нәтижесінде 3805 адам қаза болған. Алайда, осындай жағдай болып тұрса да ешкімге тіс жармайтын ата-аналар да бар. Олардың саны қаншама. Көріп тұрғандарыңыздай статистикалық көрсеткіш төмендеудің орнына жылдан-жылға жоғарылап барады. Бұл біз үшін мүлдем жағымсыз жаңалық.
Суцидке қандай жағдайлар итермелейді? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік.
Бірінші себеп мектептегі буллинг. Буллинг дегеніміз - қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Яғни, мектеп қабырғасындағы балалар бір-біріне қысым көрсетіп, ақша талап етуі мүмкін. Тағы бірі оқушының материялдық жағдайын немесе түр-келбетін сөз етеді. Осыдан кейін оқушы жанындағы сыныптастарынан өзін біршама төмен санап суицидке дейін баруы әбден мүмкін.
Келесі себеп ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Көбіміздің ата-аналарымыз көп уақытты жұмыс істеуге құртады. Ал балаға көңіл бөлу шетте қалып қойып жатады. бала өтпелі кезеңде көңіл бөлмеудің кесірінен, ата-анамен сырласа алмағаннан кейін, көп уақытты ата-анамен бірге өткізбегендіктен жалғысырайды. Осыдан кейін балада «мен ешкімге керек емеспін» деген ой пайда болады. Ал соңы суицидпен аяқталуы ғажап емес
Отбасыдағы ұрыс-керісте суицидке итермелеуі мүмкін. Бала күнделікті үйдегі ұрыстан, түсініспеушіліктерден, шаршайды немесе ата-ананың ажырасуы себеп болады. Өзінің достары секілді еш алаңсыз өмір сүргісі келеді. Бірақ өзін ешқашан бақытты болмайтындай сезіп, өз-өзіне қол жұмсауы ықтимал.
Одан кейін достармен қарым-қатынас. Есейген сайын, әсіресе, өтпелі кезеңде баланың достары азая бастайды немесе мүлде болмайды. Бұл жағдай менің де басымнан өткен. Ал достары жоғалған жасөспірім өзін түбегейлі жалғыз санайтыны бәрімізге мәлім. Алайда, сенен алыстаған адам сенің шынай досың емес екенін түсіне білген жөн. Бірақ өтпелі кезеңде мұндай ойлар сирек келеді. Содан соң бала өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады.
Ал суицидті болдырмас үшін не істей аламыз?
Ең алдымен ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыстау керек. Кешкі дастарқан басында болсын балаға «Күнің қалай өтті?» деген сұрақты қойсаңыз, ол қуанып қалады. Және ата-ана мен бала арасында құпия болмау керек деп ойлаймын. Егер айтуға тұрарлық, бала түсіне алатын сырларды айта алса бала өзін отбасының толыққанды мүшесі санайды. Бұдан кейін ол тіпті суицид дегенді ойламайтын болады.
Ал мектептегі буллигке келсек, әр мектептің психологтары мен инспекторлары осы мәселені шешуге тырысуы керек. Әр оқушының жүріс-тұрысын, бір-бірімен сөйлесулерін, кіші сынып пен үлкен сынып арасындағы қарым-қатынасты үнемі бақылауда ұстау керек деп санаймын. Себебі буллинг осындай қарапайын нәрселерден басталады. Булингке ұшыраға баланың дұрыс шешім қабылдауы екіталай.
Арадағы түсініспеушіліктерді жою үшін өз-ортасын дұрыс таңдағаны да жөн. Яғни, достарды дұрыс таңдай білу керек. Көп жағдайда үйдегі ата-ана кіммен араласу керектігін айтып жатады. Менің ойымша бұл дұрыс емес. Бала кіммен дос болу керектігін өзі таңдағаны жөн деп санаймын. Тек ата-ана дұрыс ортаға бағыт беруі керек. Сонда баланың достарымен қарым-қатынасы жақсарып, достары көбейіп ешқашан суицидті ойламайтыны анық.
Келесі мәселе баланың көзінше ешқашан ұрыс бастамау, жаншал шығармау өте маңызды. Бала оны көрген кезде психикасына кері әсері тиеді. Керісінше тек жақсы нәрселерді айту керек. Жақы нәрсе естіген бала үнемі жақсы ой ойлайды, жақсы дүниелер жасайды.
Бұл жерде жазылғанның бәрі демей-ақ қояйын, бір-екеуі басымнан өткен. Бірақ бірде-бір рет суицид, өз-өзіме қол жұмсау дегенді ойламаппын. Себебі жанымда жақсы адамдар бар, үнемі жақсы нәрселерді естуге тырысамын және ең бастысы араласатын ортам өте керемет. Мұның барлығы маған өтпелі кезеңде көрсетілген қолдау. Және сіздің де осындай қолдауыңыз болғанын қалаймын. Осылайша біз статистикадағы сандарды төмен түсіре аламыз.