Жасқаншақпыз негізі

Қойшы, ертең де күн бар ғой.... Ертеңге де жұмыс қалсын да....

Ал ертесі тағы солай, тағы қалады бәрі келесі күнге. Сөйтіп жүріп сенбі күні елдер шаттанып демалып жатқанда жанталаса, аласұрып шапқылайсың кеп.  «Жұмысты үйіп береді басшылық» дейтінің де бар, ренжіп. Осылай аптадан апта, айдан айға шаруаларымыз сенбіге, айдың соңына  жиналады. Тек өміріміздің соңына ысырып қойылған  шаруаларымызды орындауға үлгермей, үлгере алмай қалмасақ екен.

 

Жұмысқа орналасарда басшылық:

-Үйіңіз алыс емес пе? Келіп-кетер көлігіңіз бар ма? Қиналмайсыз ба?-дегенде

-Автобуспен келе беремін, ештеңе жоқ үйреніп қалғанбыз-деп  қақаң ете қаласың.

-Тамақ өзіңізден-дейді

-Иә, иә, үйден әкеле саламын-деп іле кетеміз.

Орналасып болған соң кешігеміз-ау бір.

«Кептеліс, үйім алыыыыс, екі сағаттық жер, оңай емес» не болмаса «жұмыстан тамаққа ақша бөлінбейді, сондай «жадный» басшылық» деп ренжиміз. Соны басында ашып айтуға қамығамыз ба, әлде қазіргі заманда жұмыс табу қиынға соққандықтан ба, жасқаншақтығымыз.

 

Кеше ғана жаныңда отырған  парталасыңды менсінбей, мұрныңды шүйіре қарап, жақтырмаған сыйңай танытушы едік. Паралель сыныптың оқушыларын айтпағанда. Мектепті бітіріп жан-жаққа тарыдай шашырап кеткен соң парталас емес, ауылдасың ыстық көрініп, бір бауырың бұрып тұрады екен.  Ешнәрсе мәңгі емес екен ғой. Мектеп те, жұмыс та , өмір де. Барды барында қадірлемесек....ееех...

 

Автобус қатты жүрсе "Шумахер емессің, қатты айдама, бізді ойласаңшы, жолаушыларды" жай жүрсе "Өй, есек арба десе, тасбақаң сені "обгон" қылып кетеді, бізді ойласаңшы жұмысқа кешіктік". Қорытынды:  Автобус жүргізушісі "бізді ойламайды" екен.



Бөлісу: