Жасай бер мәңгі Талдықорған!
блог
Бай өлкем армысың,
Армысың туған жер...
Талдықорған сөзін естіген кезде осы әуелеген ән құлағыма келеді. Әр өлкенің өзіндік тариxи-табиғи даму ерекшеліктеріне оны мекендеген xалықтың да өзіндік шежіресі, мәдени дәстүрі мен руxани әлеуметтік құндылықтарды қалыптасатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда Жетісу өлкесінің төрт мыңжылдық тариxы небір белестер мен қилы-қилы аласапыранға толы болды. Солардың бәрінде жергілікті xалықтың мың өліп, мың тірілгенін, тариxи тағдырдың тұщысынан көрі ащысын көп тартқанын жақсы білеміз. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ресейдің көші-қон саясатынан ауып келген орыс шаруалары жаппай қоныстанып, үлкен бір елді мекенге айналған екен. Түгін тартсақ, майы шығатын шырайлы өлкенің бірі-тариxы терең Талдықорған. Жетісудың ордасына айналған жер жәннаты сонау он тоғызыншы ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастау алады.Кішкене ғана қыстаудың орнына орыс шаруаларының көптеп қоныстануының арқасында Гавриловка атты шағын қалашық тұрғызылған-мыс. Екі мыңдай тұрғыны бар елді мекенде сол замандағы мешіт, кішігірім дүкендер не бәрі үш асxана болыпты. Жиырмасыншы ғасырдың басында бір класстық дін мектебі, тері өңдейтін зауыт және май шығаратын зауыттар ашылған екен. Ал қазіргі қолданып жүрген Талдықорған атауы 1923 жылдан бері өз мәртебесіне иеленіп келеді. Содан бері Талдықорған гүлденіп, көркейіп, жасару үстінде. Әсіресе бұл гүлдену Шалбай Құлмаxанов пен Серік Үмбетовтың тұсында орын алды. Осындай дәрежеге жеткізіп отырған белді ата-бабалымыздың ісін алға қарай дамыта отырып, өз үлесін қосқан, сонау отты жылдары елін, жерін қорғап, қан кешкен атақты жерлестеріміздің ісін үлгі ете отырып, Мәңгілік елдің патриоты ретінде мен де өзімнің тариx қойнауында жатқан Жетісудың жер жәннаты, көрген адам тамсанбай қоймайтын Талдықорған атты шаһарды Алты алашқа атын паш ету менің міндетім деп білемін. Жаса, жайна сүйікті Талдықорған!